БАС БУХГАЛТЕР 7 МЛН. ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРДЫ
2015-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің бес қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Құқықтық статистика құқық қорғау органдары құрылымы ішінде ішкі істер министрлігінің жемқорлық жиі орын алатын ведомство екенін нақтылап отыр. Осы ретте бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО департаментінің басшысы А.Ақмырзаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы Б.Исақов қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облысымыздағы департаменті қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстар пара алу және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланумен байланысты. 2015 жылдан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы 84 қылмыс жасаған ІІМ жүйесінің 51 қызметкері жауапқа тартылған. Әрі жыл сайын жасалған қылмыс та, жауапты тұлғалар да артуда. Ал осы жылдар ішінде қылмыстық атқару жүйесінің 5 қызметкерінің қылмыс жасағаны анықталып отыр.
2015 жылдың маусым айында 684 000 теңге сомасында ақша қаражатын жымқырғаны үшін БҚО бойынша ҚАЖД РУ170/2 мекемесінің бастығы Ғабдушев 5 жылға бас бостандығынан айырылса, арада бір жыл өтпей, 2016 жылдың наурызында ҚАЖД Орал қаласы бойынша пробация қызметінің бастығы Нагметовке 25 мың теңге пара алғаны үшін айыппұл түріндегі жаза берілді.
2017 жылдың наурызында сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына ықпал ету үшін 200 мың теңге пара алған БҚО бойынша ҚАЖД РУ 170/2 мекемесінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Шайхиев пен жедел уәкіл Баязитов 7 жылға сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросы Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, қазіргі уақытта сотта БҚО ҚАЖ департаментінің бас бухгалтері-қаржылық қамсыздандандыру бөлімінің бастығы Дүйсеғалиеваға қатысты іс қаралуда. Тергеуде анықталғандай, ол 2017-2018 жылдары бухгалтерлік құжаттамаға жалған мәліметтер енгізу арқылы 7 млн.теңге сомасындағы ақша қаражатын жымқырған.
– ҚАЖ департаменті қызметкерлері тарапынан толастамай отырған фактілер қажетті деңгейде профилактикалық шаралардың жүргізілмегенін және басшылық тарапынан әкімшілік бақылаудың болмауын көрсетеді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуінен, – дейді Рустам Сапарбекұлы.
Департамент басшысының сөзінше, саладағы қылмыстардың жиі орын алуы кардрлық саясатқа да байланысты. Салдарынан қылмыстық атқару жүйесіне моральдық-іскерлік қасиеті төмен, қылмыс жасауға бейім азаматтар қабылданады. Осы ретте бағынысты қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін барлық деңгейдегі басшылардың жеке жауапкершілігі қағидасымен бірыңғай жұмыс жүйесін құру ұсынылған болатын. Ішкі қауіпсіздік қызметі жұмыстарын тек жеке құрам арасындағы қылмысты анықтаумен шектемей, оның туындау себептерін анықтауға бағыттау керек.
Кездесу барысында сөз алғандар қатысушыларды мемлекет пен азаматтарға адал қызмет етуге және ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу