8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2019 2663 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ «ЖЕЛАЕВ КОМБИНАТЫНАН» ӨРТ ШЫҚТЫ

Бүгін, 13 ақпан күні  кешкі сағат 21.04-те Орал-Желаев трассасы 24 мекенжайындағы «Желаев комбинаты» АҚ-ның 3 қабатты әкімшілік ғимаратынан өрт шықты.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші қабаттағы ас үй жайы өртенген. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенше, нысанның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі күшімен 15 қызметкер қауіпсіз орынға шығарылған.

Оқиға орнына ТЖД-ның Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы бөлімшесінен 52 өрт сөндіруші мен 14 техника және Жедел құтқару жасағынан 3 құтқарушы мен 1 техника жіберілген. Жалын сағат 22.02-де ауыздықталып, 22.21-де толық сөндірілген.

Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануы  электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болуы мүмкін.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақпосынова өрттен зардап шеккен 3 адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

Суреттерді түсірген Александр БРИКС

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
58 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»