8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2019 2362 0
Жалын

ПАТРИОТТЫҚ РУХЫМЫЗ БИІК БОЛУЫ КЕРЕК

Жумалиев Шафхат, «Жас сарбаз» жасөспірімдер əскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыс филиалының төрағасы:

Елбасы өзінің жолдауында 2019 жылды «Jastar jyly» болсын деп бекіткен болатын. «Expo-2017» көрмесінің «Нұр-əлем» павильонында жастар жылының салтанатты ашылу рəсімі елбасының қатысуымен өткен болатын. Жалпы форумға еліміз бойынша əр аймақтан түрлі саладағы жастар қатысты. 13 спикер Елбасы алдында жəне тікелей эфир арқылы Қазақстандықтардың алдында сөз сөйледі. Əр спикер еліміздің дамуына қосып жатқан үлестерімен бөлісе отырып, ағымдағы жылға жəне алдағы уақытқа арналған жобалары мен жаңа идеялар таныстырылып өтілді. Елбасы алдында сөз сөйлеген азаматтардың бірі «Жас сарбаз» жасөспірімдер əскери – патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аға лейтенант Мейірбек Меңдіғалиев Оразбайұлы. «Жас сарбаз» аты айтылып тұрғандай əскерге шақырылуға дейінгі, яғни мектеп жасындағы жастардың əскери-патриоттық сезімдерін ояту. Ол үшін Республикамыздың əр облысында жəне аудандарында арнайы сыныптар ашу, оқушылар арасында елбасымыздың жолдауларында айтылғандай жастарды отан сүйгіштікке, бəсекеге қабілетті болуға, өз елінің-жерінің тарихын білетен азаматтар мен азаматшаларды тəрбиелеумен айналасады.

Ағымдағы жылға қойған мақсаттарымыз зор. Əр облыста аталмыш əскери-патриоттық қозғалысының төрағалары тағайындалып, филиалдары өз жұмысын бастау алдында.
Отандастарыма айтарым, соның ішінде жастарға: жастар жылы болғандықтан, Елбасының үлкен сеніммен артқан миссиясын жақсы атқарып шығуымыз үшін бірлесіп еңбек етуіміз қажет. Əр азамат Жолдаулардың мəн-мəнісін түсіне отырып, еліміз үшін еңбек етсе, алдыңғы елдер қатарынан жақын уақытта көрінеріміз сөзсіз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»