8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2018 1871 0
Қоғам

ЖОЛАҚ САЛУ ЖОСПАРДА БАР

Мамырдың 23-і күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінде  баспасөз мәслихаты өтті.  Аталмыш департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков жүргізген брифингте орман мен дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі және су айдынындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде сөз болды.

Биыл облыс аумағында  табиғи және техногендік сипаттағы 18 төтенше жағдай  тіркеліп, 17 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан.  Сондай-ақ облыс бойынша 211 өрт тіркеліп, 10 адам зардап шексе, 2 адам көз жұмған.

Соңғы он жыл ішінде адамдардың суда қаза болуы негізінен масаң күйде 35%, суға түсу кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе жүзе білмеу 39%, балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуі 12 пайызды құрап отыр.  Ал аумақтық қағидалар бойынша суға батудың жалпы санының 43%-ы Орал қаласында, 20%-ы Зеленов, 9%-ы Ақжайық аудандарында орын алған.

– Жазатайым оқиғалар санының шыңы негізінен маусым және шілде айларында тіркеледі. Бұл біздің аймақтың ауа райы жағдайына байланысты. Жас санаты бойынша 40 пайыздан астамын 18-26 жасқа дейінгі жастар құрайды, – дейді Н.Таубеков.

2018 жылғы орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөнінде  бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқанын жеткізген өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев:

– Облысымыздың 216,8 мың гектарын құрайтын орман қорын 8 мемлекеттік мекеме күзетеді. Облыс бойынша табиғи өртті алдын-алу және сөндіру үшін қазіргі уақытта 150 ерікті өрт сөндіру құрамалары құрылды.   Жыл басынан  бері облыс аумағында 2 орман өрті және жалпы көлемі 1962 га құрайтын 92 табиғи жану тіркелді.

Орман алқаптарында өрттің алдын алу бойынша ұзындығы 2000 шақырым минералдандырылған жолақ салу жоспарлануда, – дейді. Айта кетейік, қазіргі уақытта 7 өрт сөндіру бекеттері құрылған.

Одан әрі сөз алған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ихсанғали «Таза орман», «Таза жағалау» сынды экологиялық акциялар, орман қорының  санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын ағаштарды санитарлық кесу, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы тілге тиек етті. Сонымен қатар тұрғындардың  ережелерді сақтамайтындығын да жеткізді.

– Өрт қауіпсіздігі хақында  аудандардан, анығын айтқанда аудандық әкімдіктерден  келетін ақпараттарға қарнымыз ашып отыр. Аудандарда өрт мәселесіне қатысты жұмыстар жүргізілгенімен, «Биылғы өртке әзірміз, 2 трактор, 3 машинамыз бар» деген ақпарат береді.  Бұл биылғы өрт кезеңіне дайындықтың нашарлығын  көрсетеді. Халықпен жұмыс істеген хаттамалары  жоқ,- деп ауданнан келіп түскен ақпаратқа қынжылатындығын білдірді.

Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі  Бақытжан Ихсановтың айтуынша,  суға түсу маусымы кезінде су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, осыған сай жұмыстар жүргізілуде.

Облыстың су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған 69 орын белгіленген, соның 24-і жағажайларға арналған. Облыс аумағында білім беру басқармасымен бірлесіп балалар суға түсу үшін 19 орын ұйымдастырылған. Оның 9-ы модульды-қанқалы бассейн, 4-і жабық бассейн. Ал су айдындарында суға түсуге жабдықталған 6 орын бар. Осы жылы қосымша 13 жазғы модульды-қанқалы бассейн сатып алу жоспарланған.

Самал ЖАМЕТ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
46 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
264 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1065 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1493 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2109 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2276 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2282 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2331 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2337 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1980 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2816 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2873 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2866 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3476 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3448 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3434 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3412 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3622 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»