КПО қызметкерлері «Таза қала» акциясын қолдады
Бүгін Ақсай қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Республикалық акцияға ауданымыздағы компаниялар мен кәсіпорындар да атсалысып, қолдауда. Солардың бірі – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы.
Аталған компания ауданымыздағы өтіп жатқан барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Осы жолы да Президентіміздің бастамасын қолдап, компания қызметкерлері Ақсай қаласының Теміржол және Наурыз -1 мен Наурыз-2-ден Халықтар Достығы көшесіне дейінгі аумақта тазалық жүргізді. Қызметкерлер акция барысында белгіленген аумақтағы жапырақтарды жинап, тұрмыстық қалдықтардан тазалады.
– «Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылып жатқан осындай іс-шараға КПО ұжымы болып жыл сайын қатысамыз. Өзіңіз байқағандай бүгінгі шараға компаниямызда жұмыс жасайтын жергілікті қызметкерлер де, шетелдік мамандар да атсалысып жатыр.
«Тазалық тазаланатын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде» демекші, біз деген қала қонақтары мен тұрғындардың барлығын осындай экологиялық шараларға қатысуға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз, – дейді КПО Жерасты сулары мониторингі секторының бастығы Равиль Рахимов.
Сәуір айының бірінен басталған «Таза қала» акциясы аясында Ақсай қаласында күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Акцияға мемлекеттік қызметшілер, түрлі мекеме қызметкерлері қатысуда. Бүгін KПO қызметкерлері қала тазалығына деген жауапкершіліктерін көрсетіп, Ақсай қаласында орналасқан басқа да кәсіпорындардың қызметкерлерімен қатар иық тіресе еңбек етті. Осыған дейін айтып өткеніміздей «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына шетелдік қызметкерлер де қатысуда.
– KПO компаниясы өз жетістігінің қызмет ететін орта мен қоғамдастықтың әл-ауқатымен тығыз байланысты екенін жақсы түсінеді. Сондықтан біз өз үлесімізді тек сөз жүзінде емес, нақты әрі мағыналы істер арқылы қосуға ұмтыламыз. Таза қоршаған орта – бұл тек сыртқы көрініс қана емес, ол біздің жауапкершілігіміздің, денсаулығымыздың және бір-бірімізге деген құрметіміздің көрсеткіші. KПO компаниясы тұрақты дамуға бағытталған бастамаларға инвестиция салып, қалдықтарды азайтуға және көшелерді, саябақтарды, ортақ кеңістікті таза ұстауға бағытталған жергілікті жобаларды қолдайды. Себебі қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететініне сенімдіміз. KПO әрдайым «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына белсенді қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, жергілікті қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде біз Ақсай қаласында абаттандыру мен тазалықты сақтауға бағытталған бастамаларға, соның ішінде сенбіліктерге де тұрақты түрде атсалысып келеміз. «Таза Ақсай» және «Таза Қазақстан» идеялары аясында өткізіліп отырған осы ауызбіршілік пен жанашырлыққа арналған игі шарада баршамызға сәттілік тілеймін! – деп КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің бастығы, шотландиялық Скотт Мюррей тек компания өкілі ретінде ғана емес, осы қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде, таза, қауіпсіз және жасыл орта қалыптастыруға ұмтылатын адам ретінде сөз сөйлеу үлкен мәртебе екенін айтып өтті.
Бүгінгі іс-шараның нәтижесінде КПО қызметкерлерінің күшінің арқасында қаламыздың орталық көшелері, көше бойындағы арықтар қоқыстардан тазартылды. Шараға қатысушылар қаламыздың әр тұрғыны Президентіміздің бастамасын, «Таза қала» экологиялық акциясын қолдап, қаламызды таза ұстап, тазалық мәдениетін қалыптастыру керек екендігін атап өтті.
Бөрлі ауданы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
В ЗКО собрали 760 тонн мусора на 423 локациях за один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Кіру



