ҚАДЫР ОРТАЛЫҒЫ МАУСЫМАШАРДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН БАСТАДЫ
«Қадыр жолымен» жобасы аясындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының үшінші маусымы ашылды. Ақынның атындағы өнер орталығы кезекті маусымашарды қайырымдылықпен бастады.


Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына орай ашылған орталықтың ашылғанына биыл төрт жыл. Орталық апта сайын әдеби-сазды кештердің өтуіне ұйытқы болып келеді. «Ауыл ардақтылары», «Елеулі есімдер», Жұмадағы жүздесу» сынды түрлі жобалар қолға алынды. Жайықтың ақын жазушыларының әдебиет мұражайы және ақынның мемориалдық кабинеті жабдықталды. Бүгінде ақынның жеке кітапханасынан 6767 кітап және оның тұтынған заттары осында қойылған.
Осыдан екі жыл бұрын орталық директоры Бауыржан Халиолланың бастамасымен Қадыр Мырза Әлидің есімін ұлықтау, әдебиет пен қоғамға сіңірген еңбегін дәріптеу мақсатымен «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы құрылды. Осы уақыт ішінде өнерпаздар облысымыздың аудан-ауылдарында, көршілес Атырау, Ақтау қалалары мен оңтүстіктегі Алматы және бас қала Астана төрінде де концерт беріп, Қадыр шығармашылығын құрметтейтін көрерменнің ықыласына бөленді.
Биыл үшінші жыл қатарынан жалғаспақ. Облыс аудандарынан бөлек тағы да басқа өңірлерге өнер сапарлары жоспарлануда. Ал кезекті маусымашарда ақын өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Жас өрендер ақынға арнаған жырларын оқыды. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері, ғибратты әңгімелері, қағытпа қалжыңдары мен ұлы тулға туралы естеліктер айтылды.

– Бұл жоба 100 пайыз Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ көпшілікке бейтаныс таланттарды халыққа таныту – біздің мақсатымыз. Қадыр ақынның өлеңі де, өмірі де өлмейтінін қалың жұртшылық мойындады. Сондықтан біз Қыдыр ақынмен мақтанамыз. Жазып кеткен мол мұрасын өзімізге бойтұмардай сақтап келеміз. Орталықта атқарылған жұмыстармен өңір жұртшылығы жақсы таныс. Биыл да жаңа жобалармен толығады. Өнерлі отбасыларды таныстыру мақсатындағы «Жұлдызды жұп» жобасын қолға алмақпыз. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектулі жандардың қаһармандық істерін паш ету де біздің басты назарымызда болады, – дейді Бауыржан Ергенұлы.

Орталық директоры айтып өткендей, кейбір он екі мүшесі сау адамдардың жасай алмаған істерін жасап отырған мүгедек жандар қоғамда жетерлік. Бірінші топ мүгедегі Біржан Қожақов та солардың бірі. Ол – қазақы нақышпен бұйымдар жасап шығарып, өзі сынды мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отырған азамат. Өкінішке орай, жуырда ғана оның жалға алып отырған ғимаратына көлігінің рөліне ие бола алмай қалған жүргізуші түйіп кірген. Осы сәтті «пайдаланып үлгергендер» техникалық бұйымдарды да қолды қылған. Ісін жалғастыруы үшін енді Б.Қожақовқа жомарт жандардың көмегі қажет. Сол себепті рухани шаралардың ұйтқысы болып жүрген орталық маусымашар концертінде арнайы қайырымдылық жәшігін қойып, көрермендерден жиналған қаражатты Біржан Морякұлына табыс етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу