«KITAPTIME – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
24 қыркүйек күні Ж.Молдағалиев атындағы БҚО орталық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «KITAPTIME – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Фестиваль биыл халқымыздың дана ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып, Абай мұрасын насихаттау мен кітап оқудың маңызын ұштастыра отырып өткізілді.
Шараның салтанатты ашылуында БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Амангелді Шахин, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Болатқали Төлебаев, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрметті кітапханашы» Звайда Өтешова, «Зерек» оқу орталығының жетекшісі Манарбек Жұмабаев өз жылы лебіздерін білдіріп, кітап пен руханият төңірегінде құнды ойларымен бөлісті.
Фестиваль аясында әр түрлі жастағы оқырмандарға арналған мазмұнды және қызықты алаңдарға келушілер саяхат жасады.
«Ұлы дала жазушылары» – «Таңдалған 100 кітап», Абай, Жұбан, Қадыр сынды тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме;
«Ертегілер еліне саяхат» – балдырғандарға арналған ертегілік әлем;
«Күзгі поэзия алаңы» – жас ақындар мен поэзия сүйер қауымға арналған сахна;
«Меркурий» клубы – әдеби пікірталас алаңы;
«Bookmarket» – кітап жәрмеңкесі;
«Bookcrossing» – кітап алмасу алаңы;
«Photo Zone» – арнайы безендірілген фотозона;
«Шеберлік сабақтар мен квест» – балалар мен жастарға арналған шығармашылық ойындар мен қолөнер шеберлік сағаттары.
Фестиваль барысында қатысушылар тек кітаппен ғана емес, би әлемімен де қауышты. DANCEFIT Ural’sk би үйірмесінің жетекшісі Иманғазиева Айгүл заманауи би қимылдарын көрсетіп, қатысушыларды белсенділікке шақырды. Көңілді ырғақ пен қозғалыс залда ерекше серпіліс сыйлады. Шара аясында Жастар мәдениет сарайының әншісі Нұрлан Қожахмет әсем әнімен көрермендердің көңілін көтерді.
«KITAPTIME – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестиваліне қатысқан зиялы қауым өкілдеріне, қала тұрғындарына, жоғары және арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттеріне, балабақша тәрбиешілері мен бүлдіршіндерге, қылқалам мен қолөнер шеберлеріне, кітап дүкендеріне, БАҚ өкілдеріне зор алғысымызды білдіреміз.
Кітап – ұлттың жады, рухтың темірқазығы. «KITAPTIME – 2025» фестивалі – осы құндылықты жаңғыртып, қоғамды оқу мәдениетіне тартудың нақты қадамы болды. Оқырмандар рухани байып, жаңа кітаптармен танысып, шығармашылық шабытпен қанаттанды.
Нуфтуллина Аягүл Рухоллақызы
Қоғаммен байланыс және көрме-көпшілік жұмыс секторы жетекшісі
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру