ЗАҢСЫЗ ШЫРША САТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Оралда шыршаларды белгіленбеген орында сатқаны үшін 10 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

11 желтоқсаннан бастап БҚО ПД ЖПҚ басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері орман шаруашылығын қорғау органдарымен бірлесе Жаңа жыл алдында қылқан жапырақтұқымдас ағаштарды заңсыз түрде кесу, дайындау, сату шараларының жолын кесу мақсатында облыс аумағында рейд жүргізуде.
Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз шапқандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабымен жауапкершілік қаралған. Яғни тәртіп бұзғандар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол көлемде түзету жұмыстарына, 180 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 60 тәулікке тұтқындалуы мүмкін.
БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде тәртіп сақшылары белгіленбеген орында қылқан жапырақтарды сатқаны үшін 10 саудагерге ҚР Әкімшілік Кодексінің 204-бабына сай ескерту жасаған.
Айта кету керек, қылқан жапырақты жас ағаштар облысымызға Ресей Федерациясынан рұқсат құжаттарына сәйкес жеткізіледі. Әрі Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімі бекіткен орындарда сатылуы тиіс. Қазіргі уақытта шаһарда қылқан жапырақты ағаштарды сатуға арналған 31 сауда орны бар.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу