ҒЫЛЫМИ-КЕҢЕС ТОБЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде ғылыми-кеңес отырысы өтті. Жиынға білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов, оқу орнының академиялық серіктестері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде академиялық серіктестері ғылыми жобалар бойынша есеп берді. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының 2018-2019 оқу жылында студенттердің саны мен сапасын арттыру бағытындағы жұмысы қорытындыланды.
Жиынды ашқан «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов Елбасы Жолдауы аясында білім ордасында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры Әліби Баяхов білім ордасында 2016 жылы басталған зымыран жобасы бойынша ғылыми топ жұмыс істеп жатқанын, осыған орай Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов аудандары Капустин Яр полигонына жақын орналасқан аймақтар болғандықтан, ғылыми кеңес тобы аталмыш аудандарға арнайы барып, жұртшылықпен жүздесіп, көптеген мәселелерді қаперге алғанына тоқталды. Осы бағытта болашақта арнайы мақалалар жинағы шығарылып, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өтетінін тілге тиек етті.
Ал Ресей ғарыш академиясының кеңесшісі, «Ресей ғарыш» журналының тілшісі Валентина Полетаева Капустин Яр полигонынан 1947 жылы 18 қазанда бірінші ракета ұшырылғандығы туралы деректерді алға тартып, қызметтес болған қазақстандық әріптестері туралы әңгімеледі.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу