120 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРДЫ

Бүгінде ел арасында үлкен түйткілді мәселеге айналған жердің дауын шешу төңірегінде түрлі шаралар қарастырылуда. Соның бірі – «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы.
Халқымыздың «Жердің иесі – халық» нақылына сүйенер болсақ, Жер Анамыздың құны әрбіріміз үшін қымбат болуға тиіс. Ықылым заманнан бері жердің дауын даулап ата-бабамыз көппен тірескен. Оған дәлел «Жеті жарғы» заңдар жинағында даудың түрлерін тізбектеп, оны шешуді елдің мұң-мұқтажына қанық, көреген шешен, билерге тапсыруы. Өңірімізде жыл басынан бері «Жер аманаты» комиссиясының отырысы жүйелі түрде өтіп келеді.
Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының алты отырысы өтіп, оның төрт отырысы көшпелі форматта болды. Олар Бөкей Ордасы, Жәнібек, Бәйтерек, Қаратөбе аудандарында өткен болатын. Ең алғашқы комиссия отырысында аудандық жер қатынастар бөлімі мен аудандық жер комиссиясына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін пайдалану жайына бақылау жасалып, мүлдем пайдаланбайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша шараларды жүзеге асыру ұсынылды. Қазіргі таңда осындай негізде комиссия отырысының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеті ұсыныс жолданып, оның үшеуі шешімін тапқан еді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда өңірде жергілікті атқарушы органдар мәліметіне сәйкес пайдаланбай жатқан 250 мың гектар жер телімі анықталды. Негізінде, жоспарға сәйкес «Жер аманаты» комиссиясы жыл соңына дейін облыс бойынша 50 мың гектар пайдаланылмай жатқан бос алқапты қайтаруды көздеген. Нәтижесінде Батыс Қазақстан обылысы бойынша 120 мың гектар жайлымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды (Ақжайық 7437, Бәйтерек 7090, Бөкей Ордасы 21400, Бөрлі 7522, Жаңақала 5807, Жәнібек 5002, Казталов 6660, Қаратөбе 9100, Сырым 7119, Тасқала 23123, Теректі 5900, Шыңғырлау 13972 мың гектар).
Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша жасақталған жол картасында «Жер аманаты» бойынша көрсетілген көрсеткіш жылына 50 мың гектар еді. Демек, биылғы жылдың өзінде осы көрсеткішті Батыс Қазақстан облысы 240 пайызға орындап отырғандығын байқауға болады.
«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру