8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2023 2896 0
Қоғам

120 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРДЫ


Бүгінде ел арасында үлкен түйткілді мәселеге айналған жердің дауын шешу төңірегінде түрлі шаралар қарастырылуда. Соның бірі –   «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы.

Халқымыздың «Жердің иесі – халық» нақылына сүйенер болсақ, Жер Анамыздың құны әрбіріміз үшін қымбат болуға тиіс. Ықылым заманнан бері жердің дауын даулап ата-бабамыз көппен тірескен. Оған дәлел «Жеті жарғы» заңдар жинағында даудың түрлерін тізбектеп, оны шешуді елдің мұң-мұқтажына қанық, көреген шешен, билерге тапсыруы. Өңірімізде жыл басынан бері «Жер аманаты» комиссиясының отырысы жүйелі түрде өтіп келеді.

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының алты отырысы өтіп, оның төрт отырысы көшпелі форматта болды. Олар Бөкей Ордасы, Жәнібек, Бәйтерек, Қаратөбе аудандарында өткен болатын. Ең алғашқы комиссия отырысында аудандық жер қатынастар бөлімі мен аудандық жер комиссиясына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін пайдалану жайына бақылау жасалып, мүлдем пайдаланбайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша шараларды жүзеге асыру ұсынылды. Қазіргі таңда осындай негізде комиссия отырысының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеті ұсыныс жолданып, оның үшеуі шешімін тапқан еді.

     Сонымен қатар, қазіргі таңда өңірде жергілікті атқарушы органдар мәліметіне сәйкес пайдаланбай жатқан 250 мың гектар жер телімі анықталды. Негізінде, жоспарға сәйкес «Жер аманаты» комиссиясы жыл соңына дейін облыс бойынша 50 мың гектар пайдаланылмай жатқан бос алқапты қайтаруды көздеген. Нәтижесінде Батыс Қазақстан обылысы бойынша 120 мың гектар жайлымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды (Ақжайық 7437, Бәйтерек 7090, Бөкей Ордасы 21400, Бөрлі 7522, Жаңақала 5807, Жәнібек 5002, Казталов 6660, Қаратөбе 9100, Сырым 7119, Тасқала 23123, Теректі 5900, Шыңғырлау 13972 мың гектар).

     Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша жасақталған жол картасында «Жер аманаты»  бойынша көрсетілген көрсеткіш жылына 50 мың гектар еді. Демек, биылғы жылдың өзінде осы көрсеткішті Батыс Қазақстан облысы 240 пайызға орындап отырғандығын байқауға болады.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Тұңғыштар мекені «таңқалдырды»
27 Шілде 2024
98 0
Құттықтаймыз!
Мәдениетке Медхат келді!
25 Шілде 2024
277 0
Бәрекелді!
56 отбасы баспаналы болды.
22 Шілде 2024
519 0
Білім
Жаңа тағайындау!
22 Шілде 2024
513 0
Қалалықтар қаперіне
Жүргізуші куәлігін беру мәселелері түсіндіріледі
19 Шілде 2024
712 0
Қалалықтар қаперіне
Ауызша ескерту жасады
19 Шілде 2024
824 0
Қалалықтар қаперіне
Қазақстанда газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі
16 Шілде 2024
923 0
Қалалықтар қаперіне
Өңірдегі энергетика саласы үздіксіз қамтылуы тиіс
11 Шілде 2024
1262 0
Қалалықтар қаперіне
Рұқсат етілмеген жерде шомылған
11 Шілде 2024
1251 0
Қалалықтар қаперіне
Ойын бизнесі мәселелері туралы заңға қол қойылды
08 Шілде 2024
1469 0
Құттықтаймыз!
Оралдың төрінде домбыра музейі ашылды
08 Шілде 2024
1519 0
Оқиға
Сейф ұрламақшы болған
05 Шілде 2024
1714 0
Қалалықтар қаперіне
700-ден астам шетелдік журналист хабар таратты
04 Шілде 2024
1761 0
Қалалықтар қаперіне
Салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
03 Шілде 2024
1891 0
Бәрекелді!
Құралай тағы бір белесті бағындырды
02 Шілде 2024
1941 0
Қалалықтар қаперіне
Еңбек шартына смартфоннан қол қоя алады
02 Шілде 2024
1968 0
Құттықтаймыз!
ҰБТ-дан 140 балл жинады
28 Маусым 2024
2328 0
Оқиға
Полиция қызметкері қайтыс болды
27 Маусым 2024
2397 0
«Жақсыдан – шарапат»
Ғасыр жасаған «ғаламат» АНА
25 Маусым 2024
2560 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»