ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ АЛДАҒАН
Орал қаласындағы жеке кәсіпкер В.Колесникова өндіретін «Морозко» тартылған сиыр етінен шошқаның ДНҚ-сы табылды.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов тағам өнімдеріне қауіпсіздік мониторингін жүргізу барысында 3 992 үлгі зерттелгенін жеткізді.
– Бизнеске салмақ салмау үшін тексерілетін өнімдерді азық-түлік және басқа да тауарларды сауда орындарынан өзіміз сатып аламыз. Бұл Үкімет деңгейінде шешілген. Ол үшін арнайы қаржы бөлініп отыр. Биыл 6 млн. теңгеге 291 сауда орнынан 3 992 үлгі сатып алынып, облыстық ұлттық сараптама орталығында зерттелді. Негізінен тағамдық өнімдерге басымдық берілді, – дейді Жайдар Бисембайұлы.
Сараптама нәтижесінде 454 үлгі техникалық регламент талаптарына сай болмай шыққан. Соның ішінде 230 тағам өнімдерінен сәйкессіздік анықталған. Сәйкессіздіктердің басым бөлігі таңбалануына қатысты. Яғни, таңбада мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпарат, атауы, құрамы, дайындалу және сақтау мерзімі, тағамдық құндылығы, Кеден одағы мүше елдерінің бірыңғай белгісі көрсетілмеген.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 54 өнімнен сәйкессіздік анықталған. Мәселен, Бөрлі ауданы «Жас тал» дүкенінен алынған «Южная» құс етінен жасалған шұжықтың микробиологиялық көрсеткіштері талапқа сай болмаған. Сол сияқты Зеленов ауданы «Румянцева Л.С» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Березка» дүкенінен алынған «Традиоционное» сары майы, Орал қаласындағы «Алтындар» супермаркетінен алынған «Треугольники кальмаровые в панировке» балық өнімі, «Казанцева Н.В» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Әсем» дүкенінен алынған ванильді «Пломбир» балмұздағынан ішек таяқшалары тобындағы бактериялар табылған.
Жайдар Бисембайұлының айтуынша, сәйкессіздіктің басым бөлігі Кеден одағына мүше елдерден анықталған. Оның ішінде Ресей, Беларусь және отандық өндірушілерден. Шетелдерден келген өнімдердің 26-сынан ғана сәйкессіздік шыққан. Бұл – Испания, АҚШ, Исландия, Италия, Украина, Өзбекстан, Әзербайжаннан келген өнімдер.
Сондай-ақ департамент басшысы тексеру нәтижесінде тұтынушыларды алдау фактісі анықталғанын мәлім етті.
– «Морозко» тартылған сиыр етінен шошқаның ДНҚ-сы анықталды. Алайда, өнімнің таңбасында сиыр еті ғана көрсетілген. Шошқа етін өнімдерін шығаруға тыйым жоқ. Бірақ, сыртқы заттаңбада көрсетілген ақпарат өніммен сәйкес болуы тиіс. Олай болмаса, тұтынушыны алдау болып саналады. Аталған факт бойынша өндірушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар БҚО Ішкі істер полициясына жіберілді, – дейді Жайдар Құрманов.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу