8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 1860 0
Өзек

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ АЛДАҒАН

            Орал қаласындағы жеке кәсіпкер В.Колесникова өндіретін «Морозко» тартылған сиыр етінен шошқаның ДНҚ-сы табылды.  

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында  БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов тағам өнімдеріне қауіпсіздік мониторингін жүргізу барысында 3 992 үлгі зерттелгенін жеткізді.

– Бизнеске салмақ салмау үшін тексерілетін өнімдерді  азық-түлік және басқа да тауарларды сауда орындарынан өзіміз сатып аламыз. Бұл Үкімет деңгейінде шешілген.  Ол үшін арнайы қаржы бөлініп отыр. Биыл 6 млн. теңгеге 291 сауда орнынан 3 992 үлгі сатып алынып, облыстық ұлттық сараптама орталығында зерттелді. Негізінен тағамдық өнімдерге басымдық берілді, – дейді Жайдар Бисембайұлы.

Сараптама нәтижесінде 454 үлгі техникалық регламент талаптарына сай болмай шыққан. Соның ішінде 230 тағам өнімдерінен сәйкессіздік анықталған. Сәйкессіздіктердің басым бөлігі таңбалануына қатысты. Яғни, таңбада мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпарат, атауы, құрамы, дайындалу және сақтау мерзімі, тағамдық құндылығы, Кеден одағы мүше елдерінің бірыңғай белгісі көрсетілмеген.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 54 өнімнен сәйкессіздік анықталған. Мәселен, Бөрлі ауданы «Жас тал» дүкенінен алынған «Южная» құс етінен жасалған шұжықтың микробиологиялық көрсеткіштері талапқа сай болмаған. Сол сияқты Зеленов ауданы «Румянцева Л.С» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Березка» дүкенінен алынған «Традиоционное» сары майы, Орал қаласындағы «Алтындар» супермаркетінен алынған «Треугольники кальмаровые в панировке» балық өнімі, «Казанцева Н.В» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Әсем» дүкенінен алынған ванильді «Пломбир» балмұздағынан ішек таяқшалары тобындағы бактериялар табылған.

Жайдар Бисембайұлының айтуынша, сәйкессіздіктің басым бөлігі  Кеден одағына мүше елдерден анықталған. Оның ішінде Ресей, Беларусь және отандық өндірушілерден. Шетелдерден келген өнімдердің 26-сынан ғана сәйкессіздік шыққан. Бұл  – Испания, АҚШ, Исландия, Италия, Украина, Өзбекстан, Әзербайжаннан келген өнімдер.

Сондай-ақ департамент басшысы тексеру нәтижесінде тұтынушыларды алдау фактісі анықталғанын мәлім етті.

– «Морозко» тартылған сиыр  етінен шошқаның ДНҚ-сы анықталды. Алайда, өнімнің таңбасында сиыр еті ғана көрсетілген. Шошқа етін өнімдерін шығаруға тыйым жоқ. Бірақ, сыртқы заттаңбада көрсетілген ақпарат өніммен сәйкес болуы тиіс. Олай болмаса, тұтынушыны алдау болып саналады. Аталған факт бойынша өндірушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар  БҚО Ішкі істер полициясына жіберілді, – дейді Жайдар Құрманов.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
77 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
116 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
132 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
137 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
219 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
215 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
222 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
305 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
561 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
752 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
882 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
892 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
968 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1370 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1388 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1466 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1552 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1759 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1757 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»