8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2022 2792 0
Жалын

Төл мерекеге арналған шара

Қазанның 22-сі күні «Атамекен» өнер орталығында Республика күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналасқан сахна төрінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұранымен басталды.
Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, облысымыздың барлық аудандарынан келген, әрбір салада қызмет еткен еңбек ардагерлері, мекеме, ұйым, кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев барша батысқазақстандықтарды төл мерекемен құттықтап, баяндама оқыды.
– Баршамызға мәлім, 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және 25 қазанда ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Осылайша, Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту – бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ,- деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.
Баяндамадан кейін облысымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, тынымсыз еңбектерімен ерекшеленген еңбек ардагерлері, барлық салада еңбек етіп жүрген басшылар мен кәсіпкерлерді ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша мемлекеттік наградалар, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
99 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
141 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
320 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»