МӘМС пакетіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмек туралы не білесіз?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі«Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасы, Saqtandyrу Bot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар алады.
Осы орайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
– Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуім керек пе?
– Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.
– Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіре ме? Қандай қызметтерді тегін алуға болады?
– 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді: .
– тісті жансыздандыру және жұлу;
– пломба салу;
– абсцесстерді ашу;
– пульпит, периодонтитті емдеу;
– гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;
– еріндер мен тілдердің пластикасы;
– рентгенография;
– ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі(қасқырдың аузы) болған кезде.
Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс және әлеуетті жеткізушісі тізімінде болуы маңызды. Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге болады.
– Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?
– Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады. Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойыжұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді. 2020 жылы ҚР-да балаларға арналған 58 мың оңалту іс-шаралары жүргізілді, оның жартысынан көбі созылмалы аурулар кезінде өткізілді.
– Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?
– Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.
– Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?
5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді. 5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық – санитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.
– Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?
– ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға(туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.
– Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет?
– Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі
– Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтама сатып алу керек пе?
– Жоқ, сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі. Бала балабақшаға түскеннен кейін картаны балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.
– Балаларға профилактикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек?
Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі. Профилактикалық қарап-тексерулердің жиілігі мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДМС-264/2020 «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу