4 МЫҢНАН АСТАМ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖОЛЫҚТЫ
Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалдарына 4175 адам жолығып, өтініштерін қалдырды. 2440 қабылдау өтікізіліп, мәселелердің 42,5% оң шешімін тапса, 55,5% түсінік жұмыстары жүргізіліп, 2% жұмысқа алынды.
Жалпы өтініштердің ішінде басым бөлігі әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері құрайды.
Облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сатбаевтың қабылдауында болған Теректі аудандық «Алтын шуақ» мүгедектер қоғамының төрағасы С.Ашықбаев қоғамдық ұйымның жұмысын жетілдіру мақсатында,мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартуға көмек сұраған болатын.
Нұрғазы Сәтбайұлы қоғам қашан да мүмкіндігі шектеулі жандарға жол беру керектігін, мүмкіндігінше демеу болу керектігін айтып, 2021 жылға «Алтын шуақ» қоғамдық ұйымына 1.8 млн теңге аударды.
Сонымен қатар тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы саласында да азаматтарды толғандыратын сұрақтар бар.
Бұл ретте ақжайықтық «нұротандықтардың» әлемуеттік осал топтар мен мұқтаж жанұяларға үздіксіз көрсетілер көмектері мол.
Мәселен, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген жалғызбасты ана пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасап беруді сұрап келсе, ІІ топ мүгедегі үйінің салқын екенін айтып, қыс маусымына дайындап беруді сұрады. Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Әжібайқызы қос ананың мұқтаж көңілдерін қалдырмай жөндеу жұмыстарын жасап берді.
Дәл осындай жағдай «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қарақұдық ауылының тұрғыны Г.Кенисариева жолықты. Қатты жел салдарынан үйінің төбесіндегі шифрды ұшырып алып кеткен.
Бұл өтініш бойынша аудандық мәслихат депутаты Асель Имашева мәселесін мұқият тындап, өтініш иесінің үйінің шатырын жөндеп берді.
«Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне аудандық мәслихат депутаты Шынар Дуйсенгалиеваның қабылдауына Қоңыр ауылының тұрғындары Ұ.Жұмажанова мен А.Злаханова әлеуметтік жағдайларының қиын екенін айтып, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп беруді сұрап хабарласты. Өз кезегінде Шынар Сайлауқызы Сырым ауданындағы партияластарды жұмылдыра отырып нәтидесінде 1 млн 200 мың теңгеге «қоңырлық» қос ананың баспанасына көгілдір отыр кіргізілді.
Тағы бір атап өтетін жайт, «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен қараша айында «Жақсылық жасаудан жалықпа!» атты қайырымдылық айлығы өткен болатын. Партия белсенділері аумақтық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен мұқтаж отбасыларға көмек қолдарын созды. Мәселен, Жаңақала ауданындағы партия мүшелері жалғызбасты анаға баспана алып берсе, облыс бойынша «нұротандықтар» 4,5 млн теңге құрайтын қаражатқа түрлі емге мұқтаж балалар мен көмекке қажет отбасыларға жәрдем берді.
«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген, әлемдегі ең қымбат дәріге мұқтаж, Орал қаласының кішкентай тұрғыны Асқар Фатиманың әкесі Қанаттың өтінішіне партия аппаратының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударса, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері бастаған қайрымдылық шаралары өз жалғасын табуда.
Әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, «балық берме, қармақ бер» қағидатымен жүгінушілер де көп. Отбасын асырап, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуді сұраған азаматтар да баршылық.
Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалдарының ықпал етуімен 456 адам жұмысқа орналасты.
Бұл жұмыс әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.
Батыс Қазақстан облыстық Nur Otan партиясы филиалының баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу