8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2021 1294 0
Қоғам

4 МЫҢНАН АСТАМ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ЖОЛЫҚТЫ

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалдарына 4175 адам жолығып, өтініштерін қалдырды. 2440 қабылдау өтікізіліп, мәселелердің 42,5% оң шешімін тапса, 55,5% түсінік жұмыстары жүргізіліп, 2% жұмысқа алынды.

Жалпы өтініштердің ішінде басым бөлігі әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері құрайды.

Облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сатбаевтың қабылдауында болған Теректі аудандық «Алтын шуақ» мүгедектер қоғамының төрағасы С.Ашықбаев қоғамдық ұйымның жұмысын жетілдіру мақсатында,мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартуға көмек сұраған болатын.

Нұрғазы Сәтбайұлы қоғам қашан да мүмкіндігі шектеулі жандарға жол беру керектігін, мүмкіндігінше демеу болу керектігін айтып, 2021 жылға «Алтын шуақ» қоғамдық ұйымына 1.8 млн теңге аударды.

Сонымен қатар тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы саласында да азаматтарды толғандыратын сұрақтар бар.

Бұл ретте ақжайықтық «нұротандықтардың» әлемуеттік осал топтар мен мұқтаж жанұяларға үздіксіз көрсетілер көмектері мол.

Мәселен, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген жалғызбасты ана пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасап беруді сұрап келсе, ІІ топ мүгедегі үйінің салқын екенін айтып, қыс маусымына дайындап беруді сұрады. Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Әжібайқызы қос ананың мұқтаж көңілдерін қалдырмай жөндеу жұмыстарын жасап берді.

Дәл осындай жағдай «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қарақұдық ауылының тұрғыны Г.Кенисариева жолықты. Қатты жел салдарынан үйінің төбесіндегі шифрды ұшырып алып кеткен.

Бұл өтініш бойынша аудандық мәслихат депутаты Асель Имашева  мәселесін  мұқият тындап, өтініш иесінің үйінің шатырын жөндеп берді.

«Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне аудандық мәслихат депутаты Шынар Дуйсенгалиеваның қабылдауына Қоңыр ауылының тұрғындары Ұ.Жұмажанова мен А.Злаханова әлеуметтік жағдайларының қиын екенін айтып, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп беруді сұрап хабарласты. Өз кезегінде Шынар Сайлауқызы Сырым ауданындағы партияластарды жұмылдыра отырып нәтидесінде 1 млн 200 мың теңгеге  «қоңырлық» қос ананың баспанасына көгілдір отыр кіргізілді.

Тағы бір атап өтетін жайт, «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен қараша айында «Жақсылық жасаудан жалықпа!» атты қайырымдылық айлығы өткен болатын. Партия белсенділері аумақтық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен мұқтаж отбасыларға көмек қолдарын созды. Мәселен, Жаңақала ауданындағы партия мүшелері жалғызбасты анаға баспана алып берсе, облыс бойынша «нұротандықтар» 4,5 млн теңге құрайтын қаражатқа түрлі емге мұқтаж балалар мен көмекке қажет отбасыларға жәрдем берді.

«Nur Otan» партиясының  Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген, әлемдегі ең қымбат дәріге мұқтаж, Орал қаласының кішкентай тұрғыны Асқар Фатиманың әкесі Қанаттың өтінішіне  партия аппаратының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударса, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері бастаған қайрымдылық шаралары өз жалғасын табуда.

Әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, «балық берме, қармақ бер» қағидатымен жүгінушілер де көп. Отбасын асырап, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуді сұраған азаматтар да баршылық.

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалдарының ықпал етуімен 456 адам жұмысқа орналасты.

Бұл жұмыс әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.

Батыс Қазақстан облыстық Nur Otan партиясы филиалының баспасөз қызметі

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
326 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
427 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
670 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
938 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1162 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1201 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1354 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1547 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1779 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1866 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1978 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1983 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2016 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2016 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2123 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2345 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»