БҚО ӘКІМІ Ғ.ЕСҚАЛИЕВ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай батысқазақстандықтарды облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады. «Атамекен» өнер ордасында ұйымдастырылған «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік концертте өңірдегі кәсіби ұжымдар, аудандардың үздік көркем өнерпаздары және жыл бойы облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті.
Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара қонақтарын әскери оркестрі қарсыалды. Келушілер облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің Елбасына арнаған көрмелерін тамашалады. Ал концерттік бағдарлама «Ел басы» театрландырылған қойылымымен ашылды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі жастар мюзикалық театрының әртістері Нұрсұлтан Әбішұлының жеткіншек шағы, металлургиялық зауыттағы еңбек жолы мен еліміздің Тәуелсіздік мемлекет ретінде жарияланып, Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайлануын сахналады. Қойылым Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған А.Қоразбаевтың «Үшқоңыр» әнінің ырғағында лед-экраннан берілген Елбасының төл туындысы – Есілдің жағасынан бой көтерген астанамыздың әдемі көрінісімен әдемі үндесіп, жалғасын тапты.
Саханаға көтерілген БҚО әкімі Ғали Есқалиев Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, егемендігімізді бекітіп, еліміздің даму бағытын айқындау жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегіне тоқталды.
– Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, 30 жыл уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын паш етті. Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дана саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты елдердің қатарына қосты. Қазақстан әлемде өзінің саяси орнын айқындады. Кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Бүгінде Қазақстан алдында үлкен мүмкіндіктер ашылды. Әлемдік аренада біздің ең жақсы қасиеттеріміз көрінуде, біздің еліміз кез келген деңгейдегі мәселелерді шешуде сындарлы диалогты қалайтын еркін және бейбіт мемлекет ретінде танылуда. Тарихта алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік шекаралары нақты белгіленіп, халықаралық құқықтық деңгейде заңды ресімделді. Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында қоғамдық-саяси жаңашылдықтың нәтижесі және қоғамды біріктірудің пәрменді құралы болып табылатын этносаралық және дінаралық қатынастардың бірегей моделі жұмыс істеуде. Бүкіл елмен бірге біздің өңір де дамып келеді. Батысқазақстандықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Мұның бәрі жерлестеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде батысқазақстандықтар табандылық танытып, өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-білім беру, шығармашылық және басқа да кәсіби салаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Қазіргі жетістіктер өңір жастары үшін жарқын жасампаз үлгі. Осындай ауқымды өзгерістерге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы және көшбасшы болды. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек. Күлтегін бабамыз: «Халқына – бегі, бегіне – халқы сенген ел ұзақ жасайды» деп жазған екен. Еліміздің сан ғасырлар бойы арман-үмітін Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымызбен бірге нағыз ақиқатқа айналдырды, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Мерекелік концертте Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Арнау» этнофольклорлық ансамблі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты «Қыз Жібек» термешілер ансамблі, Дина Нұрпейсова атындағы балалар саз мектебінің балалар хоры мен халықтық «Назерке», халықтық «Ақжайық» және «Салтанат», «Шұғыла» би ансамбльдері өнер көрсетіп, дәстүрлі әншілер Ернар Өмірәлі, Айжан Мұхамеджанова, Нұршат Исламғалиев, Кенесарыхан Болғанбаев, баритондар мен сопранолар Ақсұлу Жұмалиева, Эльмира Усаева, Айдана Ажығалиева Айбар Хайырханов, Айбек Тұрарбеков, Тимур Мусин, сондай-ақ Альберт Ғазизжанов Мұратжан Усманов, Медет Оразовтар ән шашуларын тарту етті.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Суреттер БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру



Пікір үстеу