8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2021 4891 0
Спорт

ОРАЛДЫҚ СТУДЕНТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті, ҚР спорт шебері Әділбек Сейсов Өзбекстан елінің Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында жауынгерлік самбодан 3-орынға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы БҚАТУ медиа-орталығы  хабарлады.

Спортта тағы бір белесті бағындырған спортшы 12-14 қараша күндері өткен әлемдік додада 64 келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орыннан көрінді.

Жүлдегермен хабарласып, жеңісімен құттықтап, әлем мықтылары боз кілемге шыққан чемпионаттан алған әсерін сұрап білдік. Өзбек палуанына ғана есе жіберіп алғанын айтқан Әділбек Сейсов бұл жеңістің де оңайлықпен келмегенін сезіндірді. – Ең бірінші қарсыласым Египет палуаны болды, оған «ауырту» әдісін қолдану арқылы жеңіске жеткен едім. Одан кейін АҚШ спортшысымен белдесіп, оны 8:3 есебімен ұттым. Үшінші белдесуде Болгария самбошысымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түстім. Алайда төртінші белдесуде өзбекстандық палуан «қылғындыру» әдісімен жеңіп кетті, – деді Әділбек Махамбетұлы.

Осылайша ақтық сынға шығу мүмкіндігі өзбек спортшысына бұйырып, жерлесіміз 3-орынға тұрақтаған.

Қазақ елінің намысын қолдан бермеуге тырысқан Жәңгір хан университетінің студентін кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Еске сала кетсек, Әділбек Сейсов – БҚАТУ-дың «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығының 2-курсында оқиды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
64 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
148 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
203 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
265 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
298 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
343 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»