8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қазан 2021 1752 0
Қоғам

САЯБАҚТАР МЕН ТЫНЫМБАҚТАР ДИРЕКЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағындағы саябақтар мен алаңдардың құжаттары дайындалуда және рәсімдеу жүргізілген соң дирекцияға берілмек.

Орал қаласы аумағында 50-ге жуық саябақ пен тынымбақ бар.  Саябақтар мен алаңдар дирекциясының директоры Жасұлан Сакенов атап өткендей, мақсат – бір орталыққа біріктіру арқылы басқаруды жеңілдету және қараусыз қалған аумақтарды қайта  қалпына келтіру, көгалдандыру.

–  Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттарына сәйкес әр қала тұрғыны үшін 10  шаршы метрлік жасыл аумақ  есептеледі. Біздің қаламызда 330 мыңдай халық бар, демек саябақтарымыздың да жалпы аумағы 330  мың гектар болуы керек. Қазіргі уақытта  дайындалып жатқан 44 саябақ-тынымбақтың  жалпы аумағы – 79,5 гектар ғана. Халық тынығып, бой сергітіп, серуендейтін саябақ пен тынымбақтар әр тұрғынға қолжетімді жерде болуы маңызды,  – дейді  Жасұлан Нұрлыбекұлы.

Жаңа жылдан бастап іс жүзінде жұмыс жасайтын дирекция жаңа штаттар ашып, саябақтар мен тынымбақтардың тазалығына  жауапты жұмысшылар, ландшафттық дизайнерлер, эколог, биологтарды жұмысқа қабылдамақ. Осы орайда дирекция тарапынан қалалық жұмыспен қамту орталығына сұраныс жолданған.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»