8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2021 4640 0
Спорт

ӘЙЕЛДЕР ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Орал жастары» іс-шаралар легін жалғастыруда. Кезекті шара – әйелдер арасында ұйымдастырылған «Спорт – сенің серігің» тақырыбы таңдалған волейбол ойыны.

Шараны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жастарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды. Жастарға қолдау көрсету, қоғамға бейімдеуде  мақсатты топтармен жұмыс жасайтын бөлім бұл жолы ойынды  әйел жамағатының қатысуымен өткізді.

Бөлім басшысы Алма Төлепқалиева атап өткендей, әйел жамағатының қатысуымен жаздыгүні спорт жарысы өткізілген. Белсенділік  танытқан әйелдер қауымы екінші мәрте  волейбол ойынында бас қосты.

Ойыншыларды әйелдер жамағатымен тұрақты жұмыс жасап жүрген облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева мен ұстаз Назгүл Данаева қолдап келді.

Ойын нәтижесінде  бірінші  орынды “Алға” командасының арулары иеленсе, жүлделі екінші орынды “Барыс” тобының қатысушылары қанжығалады. Ал үздік үштікті “Баракат” командасы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»