ОРАЛДА ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ БАСҚАРУ ПУНКТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Енді қала көшелеріндегі жарықдиодты шамдардың жай-күйі қала әкімдігінде орналасқан диспетчерлік пункттен бақыланады. Басқару орталығының жұмысы бүгін таныстырылды.
Қала әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей, қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Осы ретте 15 мыңдай жарықшам ауыстырылды. Жарықшамдарды басқару шкафтары орнатылып, шкафтар орталыққа байланыстырылды. Қала әкімдігінде орналасқан диспетчерлік орталықтағы монитордан қала ішінде орналасқан барлық жарық нүктелер көрінеді. Қандай да бір нүктеде жарықшамның істен шығуы немесе бұзылу мен штаттан тыс қосылу болса, орталыққа дабыл түседі. Бұл жобаның іске қосылуы жарықтандыру жүйесінің сапасына, апат орындарын жедел анықтап, сол орынға бригаданы жолдау арқылы ақауды дер кезінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғыдай жарықшамдарды маршрут бойынша айналып, қарап шығудың қажеттілгі жоқ. Шамдардың жай-күйі тәулік бойы бақылауда болады.
Осы жүйе негізінде барлық шамдар кестеге сәйкес автоматты түрде қосылып, өшіріледі. Бұдан бөлек басқару жүйесін орнатушы «Қазтехникас» ЖШС мамандарының сөзінше, жүйе электр тұтынуды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу