ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиевтің зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты өзі 15 жыл қызмет еткен Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы құрметпен шығарып салды. Өмірін өнерге арнаған майталманның құрметіне «Өнермен өрнектелген өмір» атты кеш ұйымдастырылды. Өнер кешінде Қатимолла Бердіғалиевтің өнердегі, өмірдегі достары өткеннен сыр шертіп, шәкірттері ұстазын ұлықтады.
Кең диапазонды әнші, жыршы-термеші, суырып салма ақын Қатимолла Жәңгірұлына Алаш жұртының, батысқазақстандықтардың құрметі ерекше. Дәстүрлі және классикалық ән өнерінің ерекшелігін үндестіре меңгерген табиғи талант иесі бірнеше дүркін бүкілодақтық, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, Ресей, Монғол, Қырғыз, Өзбекстан елдерінде өнерімен танылып ел ықыласына бөленді.
Қайраткердің өнегелі өмір жолындағы естеліктермен өрілген кешті Қатимолла ақынның өзі бала кезі мен өнерге келуі туралы әңгімеден бастады.
– Тағдыр мені сәби кезімнен айналдырды, әкем дүниеден ерте өтті. Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Мектепте жаман оқымадым. 9 сыныптан кейін құжаттарымды алып, музыкалық училещеге келдім. Оқуды бітірген соң, осы филармонияға қызметке бөлінген едім. Бірақ, отбасылық жағдайыммен еңбек жолымды ауылда бастадым, – дейді Қатимолла Жәңгірұлы.
Өзі білім алған А.Оразбаева атындағы мектепте 1975 жылы мұғалім ретінде еңбек жолын бастап, балалар бақшасының музыка жетекшісі, аудандық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1991 жылы Орал қаласына Құрманғазы атындағы саз колледжіне ұстаздық қызметке шақырылады. Сол жылы-ақ оқу орнында алғаш Мұхит класын ашып, дәріс берді. Өзінің айтуынша, 30-дан астам шәкірт тәрбиелеген. Мақтанышы – облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары атанған сол шәкірттері. «Шәкірттерім жүлдесіз емес және жұмыссыз емес» дейді ұстаз. Бір қатары 2007 жылдан бастап өзі қызмет етіп келе жатқан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өзімен қанаттас еңбек етіп жүр.
– Еңбегі еленіп, құрметті демалысқа шығып жатқан Қатимола Бердіғалиев еліміздің мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. Дәстүрлі өнер класын ашып, бірнеше шәкіртті тәрбиеледі. Солардың бірі – өзім. Еткен еңбегінің зейнетін көруін тілеймін ұстазыма. Құрметті демалысы немерелерінің қасында әдемі жалғасуын, жапырағы жайылған мәуелі бәйтеректің ғұмырын тілейміз. Қатимолла Жәңгірұлының шәкірті болғанымды, бірге еңбек еткенімді мақтан етемін, – дейді Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Асхат Қажығалиев.
Кеш барысында шәкірттері – «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Қайрат Какимов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Күләш Қуанышқалиева, Айбар Хайырхановтар әсем әндерін жолдады.
Облыстық мәдениет басқармасы басшысы С.Дүйсентегінің алғыс хаты, филармония ұжымы атынан естілік сый табыс етілді. Ал кеш иесі Қатимолла Жәңгірұлы ұжымдастарына алғысын жеткізіп, шараны тамылжыта салған әнімен қорытындылады.
Айта кетейік, кібісе жылында дүниеге келген Қатимолла Бердіғалиев келер жылы 70-ке толмақ. Қайраткер бұл жасқа азаматтық тұлғасына қылаудай кір шалдырмай абырой биігімен келді. Репертуарына жинаған қазақтың үш жүзден астам халық әнін, Бұхар, Базар, Қашаған жыраулардың терме жырларын, Мұхиттың, Ғарифолланың, халық композиторларының әндерін тыңдарманының жүрегіне жеткізуімен халықтың құрмет-қошеметіне бөленді. Қазақ радиосының алтын қорында Қ.Бердіғалиевтің өнері туралы хабар және «Ел продюсерлік орталығында» жазылған 83 әні сақталған. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Мәдениет Министрлігі шығарған «1000 ән» дискісінде Қатимолла Жәңгірұлы орындаған 10 ән енгізілген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру


Пікір үстеу