БҚО-ҒА VERO CELL ВАКЦИНАСЫНЫҢ 10 МЫҢ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ
Кеше түнде, яғни 15 тамызда облысымызға COVID-19 (Vero Cell), белсенділігі жойылған (Sinopharm) вакцинасының 10 000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқарамсының баспасөз қызметі хабарлады.
Белсенділігі жойылған (Sinopharm) COVID-19-ға қарсы (Vero Cell) вакцина – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02, штамынан жасалған, ол кейіннен сұйық вакцина қалыптастыра отырып, алюминий гидроксидінен адъювантпен адсорбциялау арқылы өсірінді алу және жинақтау, β-пропиолактонмен белсенділігін жою, концентрациялау және тазарту үшін Vero жасушаларына егіледі. Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ.
Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған. Вакцинамен байланысты күрделі жанама реакциялар байқалған жоқ. Екінші компонентті арасына 21-28 күн салып қабылдау керек.
Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер ретінде вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия, вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу), бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы, жүктілік және лактация кезеңі, 18 жасқа дейін жас ерекшелік көрсетілген. Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.
Вакцинаны жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттер сақтықпен қолдану керек, қажет болған жағдайда, дәрігер вакцинацияны жүргізуді кейінге қалдырады. Сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге, вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге және қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану ескертіледі.
Иммундық-глобулиндер қабылдайтын адамдар иммундық тиімділікке әсер етуді болдырмау үшін осы препаратпен кемінде 1 ай аралықпен вакцинациялануы тиіс.
Вакцинаны пайдалану кезінде өте жиі жағдайда инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы, жиі қызба, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, қышыну болады. Ал кейде қызару, ісіну, қатаю, бөртпе, қышыну, бас айналу, анорексия, құсу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфагия, тұмау, іш қатуы, аса жоғары сезімталдық байқалады. Сондай-ақ сирек жағдайда эритема, жедел аллергиялық реакция, шаршау, ұйқышылдық, ұйықтай алмау, түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау жағдайы, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдардағы ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жағдайы, безеу, көздің ауыруы (офтальмодения), құлақтағы жағымсыз сезімдер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия) болуы мүмкін.
Қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, дәм сезбеу, күйдіру және ашыту сезімі (парестезия), тремор, зейін концентрациясының бұзылуы, мұрыннан қан кету (эпистаксис), демікпе ұстамалары, тамақтың жыбырлауы, тонзиллит, физикалық жайсыздық, мойынның ауыруы, жақтың ауыруы, мойынның тығыздалуы, ауыздың шырышты қабығындағы жаралар, тіс ауруы, өңеш қызметінің бұзылуы, гастрит ұстамалары, нәжістің түссізденуі, көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауыруы, күш түскенін сезіну, қысым, төмен қан қысымы, несеп ұстамау, етеккірдің кешігуі – өте сирек болады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында елімізге Sinopharm компаниясының Біріккен араб әмірлігенде шығарылған Hayat-Vax вацинасы жеткізілген болатын. Vero Cell вакцинасы Hayat-Vax-тан тек өндірілген жерінде ғана айырмашылы бар, басқа айырмашылығы жоқ. Бұл да қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы бойынша сараптамадан өткен, белсенділігі жойылған вакцина.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу