ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ВАКЦИНА АЛЫҢЫЗ!
Шілденің 27-ші жұлдызында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев @elbasy_live инстаграм парақшасында Қазақстан халқын коронавирусқа қарсы екпе қабылдап, індеттің жолын тоқтатуға шақырды.
– Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Індеттен амансыздар ма, ағайын, – деген Елбасы әрі қарай өз сөзінде: – Коронавирус бұл ауыр вирус. Қорқудың қажеті жоқ. Қашан ауырып қалам деп ойлап жүргенше, осыны жасау керек. Тәжірибе көрсетіп отыр, вакцинациядан кейін ауырса да, ол аурудың жеңіл түрінде өтеді. Сондықтан қорықпай халқымыз осыны жасауы керек, – деді. Сонымен қатар Тұңғыш Президент өзінің таңдауы Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасына түскенін айтып, ел тұрғындарына мықты денсаулық тіледі.
ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ 44 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, өңір халқының 44 пайызы коронавирусқа қарсы егілген. Күн санап денсаулығы үшін алаңдаушылар қатары артып отыр. Бұл қуантарлық шара екені белгілі. Екпе кабинеттері барлық аудандарда бар. Өткен жылы облысқа тоғыз жылжымалы екпе жасауға арналған көлік сатып алынған. Бүгінде аудандар мен облыс орталығында мереке және демалыс күндеріне қарамастан, егу кабинеттері жұмыс жасайды. «Біздің міндетіміз – қалыпты өмірге оралу және бетпердесіз еркін жүру. Иммундаудың нәтижесінде ғана еркін өмір сүре аламыз, бізде популяциялық иммунитет қалыптасады», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.
– Өздеріңіз білесіздер, қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны артты. Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 350 050 дозасы келіп түсті. Атап айтқанда, Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы 277 050 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 45 күнді құрайды, қаулыға сәйкес азаматтардың өтініші негізінде 21 күннен 90 күнге дейін екпе жасалады. Отандық «QAZVAС» вакцинасы 7000 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 21 күнді құрайды. Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген «Hayat-Vax» вакцинасы 50 000 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 14-28 күнді құрайды. Қытайда өндірілген «CoronaVac» вакцинасы 16 000 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 1428 күнді құрайды. Өткен аптамен салыстырғанда вакцинация қарқыны 68,4 пайызға төмендеді (шілденің 16-нан 22-не дейін – 7724 адам, 9-нан 15-не дейін 24 468 адам).12 шілде күні бізде тәулігіне вакцина алғандардың рекордтық саны тіркелді, яғни 5179 адам. Бүгінгі таңда облыс халқының 44 пайызы вакцина алды. Баршаңызды екпе алуға шақырамын, – деді облыстың бас дәрігері Арман Талғатұлы. Айта кеткен жөн, кем дегенде тәулігіне екі мың адам екпе қабылдауы тиіс болса, ең көп дегенде облыста орташа есеппен бір күнде мыңнан аса адам ғана вакцина алып отыр. Көпшілікті алаңдатқан мәселе – «Спутник V» вакцинасының уақыт аралығы. Бұл аралық Ұлттық эпидемиологиялық және микробиологиялық ғылыми зерттеу орталығының ресми мәліметі бойынша 45 күнді құрайды. Сонымен қатар ІІ -ші компонентті І-ші компонентті салдырғаннан кейін 21 күннен 90 күнге дейін алуға болады. І-ші және ІІ-ші компоненттер арасындағы аралықтың ұзаруы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін ескеруі қажет екені айтылған. 27-ші шілде күнгі ақпаратқа сүйенсек, Тасқала, Жәнібек, Қаратөбе, Бәйтерек, Қазталов ауданы халқының 50 пайыздан астамы екпе алып үлгерген. Сарапшылардың пікірінше, COVID-19-ға қарсы вакциналар мутацияға ұшыраған аурудың барлық түрінен қорғайды. Бүгінде әлемдегі маңдайалды ғалымдар індеттің 50-ден астам салдарын және бірнеше жылға созылатын ұзақ мерзімді әсерлерін анықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары COVID-19ға қарсы вакциналар мутацияға ұшыраған аурудың барлық түрінен қорғайтынын алға тартуда.
МІНДЕТТІ ВАКЦИНАЛАУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРДІ
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, міндетті вакциналаудың мерзіміне өзгеріс енгізілді. Яғни, қоғамдық орындар мен қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтіндер екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін салдыруы керек. Одан кейін тексеру жүргізіліп, ұжымда вакцина салдырмаған қызметкері бар кәсіпорын жауапқа тартылуы мүмкін. Ал екпенің екінші компонентін алу 1 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы тиіс. Тағы бір өзгеріс жұмыс беруші коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеуге құқылы. Бұл талап тек соңғы үш айда індетпен ауырып шыққандар мен медициналық қарсы көрсетілімі барларға қатысты емес. Сонымен қатар енді елге ұшып келген қазақстандықтар сынама тапсыру үшін үш күнге оқшауланады. Шеттен вирус жұқтырып келгендер инфекциялық стационарға жатқызылады.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру

Пікір үстеу