ОРАЛДА «СӘБИ» ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ
Елорда күні мерекесі қарсаңында жұмысын бастаған бұл нысан «Батыс Сәби» ЖШС ашқан алтыншы мектепке дейінгі ұйым. Мұнда балғындар мектепке дейіні ұйым бағдарламасымен қамтылумен қатар, қосымша дамыту үйірмелеріне қатыса алады. Жаңа балабақша-орталықтың ашылуына Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
– Мемлекет тарапынан мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауларында, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында балаларды балабақшамен қамту, тәрбие алуы, мектепке дайындық жүргізуі үшін тиісті жағдай жасау, сонымен қатар үйірмелер арқылы мәдени өсуін, білімдерін көтеруін, сауықтыру шараларын жүзеге асыруды жекеменшік-әріптестік аясында да жүргізуге назар аударылуы тиістігі көрсетілді. Осы орайда кейінгі жылдары мектепке дейінгі балалар ұйымдарын мемлекеттік бағдарламалармен ғана емес, жеке инвестиция тарту арқылы дамытуға көңіл бөлінуде. Ол үшін білім беру жүйесінде әр балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру жолға қойылды. Биылдың өзінде Орал қаласында мемлекеттік қаржылық қолдау 2 млрд. 200 млн. теңгеге жеткізілді. Осылайша, 5 мыңнан астам баланы мектепке дейінгі ұйыммен қамтуға және жеке кәсіпкерлердің батыл, сенімді түрде өз істерін ашуға, ең бастысы балалардың тәрбиесіне зор мән беруге мұрындық болып отыр, – деді Абат Абайұлы.
Солтүстік-шығыс шағынауданда орналасқан балабақша ғимаратының аумағы 950 шаршы метр. Мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 бала тәрбиеленетін болады. Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында ғимаратта монтессори кабинеті, тұзды шахта, бассейн залы, каратэ және таэковнда спорттық үйірмелеріне арналған залдар жабдықталған.
– Сегіз топқа есептелді. Әзірге үш топқа балалар қабылданып отыр. Балалармен мамандыққа сай білімі бар педагог-тәрбиешілер жұмыс жасайтын болады. Тәрбиеленушілеріміз бес мезгіл тамақтандырылады. Ойыншықтар, кеңсе тауарлары және іс-шараларға қажетті киімдер бар. Ата-аналардың олардың біреуі де сұратылмайды, – дейді «Батыс Сәби» ЖШС директоры Салтанат Лепесова.
Балабақша бес күн бойы таңғы сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Айта кетейік, Оралда бүгінде 143 балабақша бар. Оның 70-ке жуығы – жеке бөбекжай. Олар 5156 орынға мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Жаңа балабақшаның ашылуымен балақшалармен қамтылатын балалар саны 100-ге көбейді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру



Пікір үстеу