8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Мамыр 2021 1628 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Республикалық олимпиада биыл Қапшағайда 7-11 мамыр аралығында өтті. Олимпиаданың қорытындысында батысқазақстандық оқушылар  жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру. Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғары оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.

Қапшағайда ұйымдастырылған республикалық IQANAT олимпиадасында еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Білім додасына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 47 оқушының 12-сі жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтар болсақ, батысқазақстандық 9 оқушы Бурабайдағы IQANAT мектебіне  грант ұтып алса, 2 оқушы edu.iqanat.kz платформасындағы олимпиада жүлдегерлері атанып, 1 оқушы тіл мамандығы бойынша жеңімпаз атанды.

Грант ұтқан оқушылар қыркүйек айынан бастап Бурабайдағы IQANAT мектебінде білім алатын болады. Сонымен қатар облысымыздан 12 оқушы резервте тұр.

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»