8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2021 1666 0
Қоғам

ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТРАНСФОРМАТОРҒА ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚ ӨНДІРУ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін, 12 наурыз күні «Alageum Electric» компаниялар тобының (Орал трансформатор зауыты) басшылары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне барып, университет ректоры Асқар Наметовпен бірге Индустриалды-технологиялық институт базасында болып, өндірістік іс-тәжірибе шеберханаларының жұмысымен танысты. Бұдан әрі компания өкілдері университет студенттерімен кездесіп, білім мен тәжірибені ұштастыру туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ қонақтар студенттерге қызмет көрсету орталығында болды. Бұл туралы Жәңгір хан университетінің медиа орталығы хабарлады.

 

Сапар барысында университеттің мәжіліс залында бас қосқан қос тарап «Кернеуді трансформаторлық ауыстырып-қосқыш өндірісі» жобасын талқылады. Университет ғалымдарының бұл жобасы оқу жылының басында «Даму» қорынан гранттық қаржыландыруға ие болған еді. Грант қаржысына өндірісті жүзеге асыруға қажетті құрылғылар сатып алынған. Жобамен таныстырған университет оқытушысы, магистр Арайлым Төрешова Орал трансформатор зауытының өкілдеріне өнімді өндіруге қатысты бірқатар ұсыныстарды жеткізді. «Alageum Electric» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Сайдолла Қожабаев университет ғалымдарының бастамасын қолдайтындарын жеткізді. Енді оны зерделеп, бірқатар тетіктерін талқылауды ұсынды.

Орал трансформатор зауытының техникалық директоры Тұрар Асан кернеуді трансформаторлық ауыстырып-қосқыш бөлшек елімізде өндірілмейтінін айтты.

–  Жәңгір хан университеті ғалымдарының біздің зауыт үшін дайындаған жобасымен таныстық. Өз тарапымыздан жобаға қызығушылық танытып отырмыз. Енді келіссөздер жүргізіп, алдағы уақытта оның тиімділігін, техникалық жақтарын жан-жақты саралап, ортақ шешімге келетін боламыз. Жалпы трансформатордың бұл жабдығы зауытқа Түркиядан тасымалданады, – деді Тұрар Асанұлы.

Еске сала кетсек, Жәңгір хан университеті Орал трансформатор зауытымен екі жылдан бері әріптестік бағытта байланыс жасап келеді. Зауыт басшылығы оқу орнына тәжірибелік жағынан қолдау көрсетіп, ынтымақтастықты нығайтуда.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»