8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2021 2262 0
Өзек

ЖОЛДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ – ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

11 наурыз күні «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғам өкілдерімен бірлесіп «Атырау-Орал» және «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» бағыттары бойынша тасжолдың  тазалануына мониторинг жүргізді. 

Мониторинг кезінде  «Атырау-Орал» автожолының 189-492 км (ЖПУ-40) аралығы және «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» автожолының 0-213 км (ЖПУ-40, ЖПУ-41) аралығы назарға алынды.  Аталған бағыттағы тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде  жүргізілмегендігі анықталды.

Сонымен қатар жол белгілеріндегі қарлы-мұздық шөгінділері және қисық-сызықты бағаналары күпсек қардан тазартылмаған. Көктайғаққа қарсы инертті материалдар шашылмаған.

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында анықталған олқылықтарды жою бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Айта кетейік, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының міндеттерінің бірі – белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»