ЖҰМЫРТҚА МЕН КҮНБАҒЫС МАЙЫ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАП КЕТТІ?
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі жұмыртқа мен күнбағыс майының қымбаттау себебін түсіндірді.
34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.
Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі+11,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,4%-ға төмендеу байқалды). Өңірлерде тауық жұмыртқасы Семей қаласында – 22,4%, Өскемен – 21,6 %, Қостанай – 16,5%, Жезқазған – 15%, Алматы – 13,4%, Ақтау – 13,3%, Павлодар – 13,7%, Орал – 11,8%, Алматы – 13,4%, Талдықорғанда – 12,3%-ға қымбаттады, – делінген хабарламада.
Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге (Шымкент қаласы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау облыстары) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген.Хабарлама кәсіпкерлік бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.
Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер еткен. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 -ға қысқаруы, азық құнының 150%-ға артуы, – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде құс фабрикалары «Адель-кус» ЖШС, «Алекри» ЖШС, «Алсад» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Агроинтерптица» ЖШС. «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «Сары-Бұлақ» ЖШС және «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді.
Жыл басынан бері екі ай ішінде күнбағыс майы құнының өсуі 6,7%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 0,3%-ға төмендеуі байқалды). Өңірлерде ең көп күнбағыс майы Шымкент қаласында – 14,6%, Атырау – 12,8%, Орал – 12,9%, Семей – 11,8%, Ақтөбе – 9,7%, Талдықорған – 9,6%, Тараз – 8,6%, Жезқазған – 7,9%, Қарағанды – 7,8%, Өскемен – 7,6%, Петропавл – 7%, Қостанай -6,9%, Ақтау – 4,9%, Көкшетауда – 4,5% қымбаттады, – делінген хабарламада.
Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 7 нарық субъектісіне (Шымкент, ШҚО, Қарағанды облыстарындағы өндірушілер мен көтерме сауда жеткізушілер) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысындағы келісілген әрекеттер және Алматы қаласындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 2 тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге бағалардың күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл мұнайға әлемдік бағалардың 53,8%-ға өсуі, шикізатқа сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорын қысқартуы.
Атап айтқанда, шикізатты сатып алу бағасының жоғары болуына және шикізаттың болмауына байланысты ШҚО-дағы күнбағыс майын өндіретін ірі өндіруші «Востоксельхозпродукт» ЖШС өз өндірісін тоқтата тұрды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру
Пікір үстеу