300-ГЕ ЖУЫҚ ФУРА МЕН 50 ШАҚТЫ ЖЕҢІЛ КӨЛІК ЖОЛДА ТҰРЫП ҚАЛҒАН
БҚО ТЖД-ның мәліметінше, 10 наурызда түнгі сағат 2.41-де Шыңғырлау ауданының аумағында ауыр жүк көлігі және жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болғаны туралы хабар түскен.

Самара-Шымкент тас жолының 489-522 км шамасында жолдың әр учаскесінде Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 км жетпей шамамен 300 фура және 50 шақты жеңіл автокөлік тұрып қалған. Құтқарушылардың ауа райының нашарлауына байланысты ескертуіне қарамастан, жолға шыққандар биіктікке көтеріле алмай тұрып қалған.
БҚО ТЖД басшылық құрамЫ бастап, құтқарушы қызметкерлермен және арнаулы техникалармен («Тралл»,«ГТТБ», «Кунг», «Трекол») көмекке жетті. Бүгін сағат 10-ға дейін жеңіл автокөліктер толықтай жолға шығып, сапарларын жалғастырды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі әлі 257 фураның тұрғанын хабарлады. Кептелісті жою жұмыстары жалғасуда.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу керек.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу