Ж.МОЛДАҒАЛИЕВ КІТАПХАНАСЫНДА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
3 наурызда Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды.

«Парасат жолы» орталығы жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізетін, кітап көрмелер ұйымдастырылатын парасаттылық алаңы болмақ.
«Парасат жолы» орталығында адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінез-құлықтың дұрыс қалыптастыруына негіз болатын, ақылдылыққа, адамгершілікке, сабырлылыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелейтін, сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-жарқын болашақтың кепілі» және «Парасаттың шыңы – даналық» атты тұрақты кітап көрмесі жұмыс істейтін болады.
Шара барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп жемқорлықты жоюға бағытталған адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын адал қоғамды тәрбиелеу мақсатында құрылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі және орталықтың нағыз парасаттылық алаңына айналатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға онлайн байланыс арқылы Ақжайық, Бөрлі аудандарында «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанаты көрсетілді және бұдан басқа өңіріміздің 140 кітапханасында орталықтар ашылды.
zhaikuni.kz


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу