8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1933 0
Қоғам

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҰСТАУДА ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлттық Ұлан жауынгерлеріне Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жантемір Иманәлиев Алғыс хат табыс етті.  Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметі хабарлады. 

25 ақпанда шамамен сағат 00.30-да Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 77-үйдің маңында орналасқан «Лига Камаз» дүкенінің іргесінде күдікті бұрын сотталған В. және оның сыбайласы Р. ашық түрде Д.есімді азаматтың 150 000 теңге көлемінде ақшасын және «Самсунг 41» маркалы ұялы телефонын тартып алып, қылмыс жасаған жерден қашып кеткен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігіне сай тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Орал қалалық Полиция басқармасының  криминалдық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері және №5517 әскери бөлімшесі қызметкерлерінің жедел–іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде жоғарыда аталған күдіктілерді ұстады. Олар  ҚР ҚПК-нің 128-бабына сай қамауға алынды, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Осылайша, Орал қаласы Полиция басқармасы жеке құрамының және №5517 әскери бөлімінің жедел әрі қырағы әрекет етуінің нәтижесінде ауыр қылмыс ашылды.

2021 жылғы 28 ақпанда өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби шеберлік пен қырағылық танытып, қалта ұрлығы қылмысын ашып, жоғары біліктілік көрсеткендері үшін №5517 әскери бөлімінің бірнеше қызметкерлері грамотамен марапатталды. Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жантемір Иманәлиев Ұлттық ұланның №5517 әскери бөлімінің лейтенанты Болысбек Тұрмұхаммед Ғалымжанұлына, Ұлттық ұланның №5517 әскери бөлімінің сержанты Наурызғалиев Армат Серікұлына, Ұлттық ұланның №5517 әскери бөлімінің қатарындағы Кужахметов Мейрбек Бауыржанұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Қайнар Нұркелді Мұхтарұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Хайдаров Бекболат Асанұлына Орал қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы алдында салтанатты түрде «Алғыс хат» тапсырды. Қызметтеріне табыс тілеп, бірлесе атқаратын істерінің сәтті болатынын айтты.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
95 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
89 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»