8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1516 0
Қоғам

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Осы атаулы күнде елімізде мыңнан астам белсенді азамат партия қатарына  қосылды. Сан түрлі сала өкілдері, жас кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестік мүшелерімен қатар, белсенді жастар да бар. Батыс Қазақстан облысы бойынша 26 мыңнан астам партияластардың қатары жаңа 43 азаматпен толықты. Атап өту керек, өткен жылдармен салыстырғанда партиялықтардың арасында әйелдердің саны 30 пайызға артса, жастардың саны 5 есеге көбейді.


Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев атап өткендей, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Осы Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғасуда. Сондай-ақ партия жақтастарының институты да кеңейтіледі.

Салтанатты түрде бүгін партия қатарына енген азаматтарға партия мүшесі билеттерін Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев табыстады. Өзінің құттықтау сөзінде Мұрат Рахметұлы алдағы уақытта партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға зор үміт артылатындығын атап өтті.

– Осы айтулы күнде баршаңызды партия қатарына қосылуларыңызбен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, партиямыз билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын ретінде халық үшін аянбай қызмет етіп келе жатыр. Нақты істер партиясына қосылып, ел игілігі үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қатарында сіздердің де болатындарыңыз көңілге қуаныш ұялатады. Алдағы уақытта сайлауалды бағдарламаға енген барлық уәделеріміз бен халқымыздың аманаттарын орындау міндеті тұр. Сондықтан еліміздің одан әрі дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деді Мұрат Мұқаев.

Партия қатарына жаңадан қабылданған жас кәсіпкер, БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, #BIZBIRGEMIZ жалпы ұлттық акцияның белсенді қатысушысы, жасотандық белсенді Жадыра Баракова алғысын білдіріп, сенімді ақтауға бар ынта-жігерін салуға уәде берді.

Шараны қорытындылаған Мұрат Рахметұлы «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдап, олардың орындалуына әрдайым қол жеткізетінін жекізді.

–  Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс. Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілейміз, – деп түйіндеді Мұрат Мұқаев.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
121 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
316 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
317 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
774 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
842 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
860 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
882 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
902 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1397 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1428 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1703 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1715 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1843 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2135 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2234 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»