БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ШАТЫРЫ ҰШТЫ, БІРНЕШЕ АБОНЕНТ ЖАРЫҚСЫЗ, СУСЫЗ ҚАЛДЫ
Қатты жел Тасқала ауданы Мерей ауылындағы мектептің шатырын ұшырып кетті.

Оқиға 24 ақпан күні болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, бұл күні жел секундына 18 метрге дейінге соққан. Жел салдарынан шатырдың 600 шаршы метрі ұшқан. Оқиға туралы сағат 19.30 шамасында хабар түскен. Зардап шеккендер жоқ.
Ғимараттың жалпы аумағы 700 шаршы метр. 1977 жылы салынған нысан екі қабатты. 2015 жылы жөндеуден өткен.
Оқиға орнында жергілікті атқарушы органкомиссиясы жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ кеше, 24 ақпан күні ауа-райының құбылуынан Тасқала ауылында электр желілерінде апаттық үзілу орын алып, 4 сағат бойы электр қуаты болмаған. Салдарынан Жеңіс көшесіндегі үш қабатты екі тұрғын үйдің жылу жүйесі қатып қалып, істен шыққан. Қазіргі уақытта құбырларды ауыстыру жүргізілуде.
Бұдан бөлек БҚО ТЖД бүгін Тасқала ауданында қысқа тұйықталудың салдарынан Атамекен елді мекенінде электр қуаты үзіліп, 43 абонент электр қуатынсыз қалғанын хабарлады. Бұл орында «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ал Тасқала ауылы Абай-Жақсығұлов көшелерінің қиылысында диаметрі 100 мм болатын суық су құбыры жарылған. Сол себепті 500 абонент сусыз қалды. «Ком.хоз» МКҚК жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу