БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысында 16-18 ақпан күндері «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Қашықтан өткен байқауға аудан, қала және облыстық мектептерден жалпы 111 оқушы қатысты.

Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу – байқаудың негізгі мақсаты болды. Өйтені жеткіншектердің тарихи танымдарын қалыптастыру, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын нығайтуда жазушының шығармалары ерек. Ә.Кекілбаевтың шығармашылығына арналған байқау облыста екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқау 4 аталым бойынша өтті, әрқайсысы бойынша жүлдегерлер анықталды.
Атап айтқанда, Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер номинациясында Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы № 44 мектеп- гимназиясының 9-сынып оқушысы Аслан Еңсепов – бірінші орын алды.
Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу бөлімінде қатысушылар өздерінің таңдауы бойынша прозасынан үзіндіні, поэзиясын мәнерлеп оқып берді. Мәнерлеп оқу бөлімі ZOOM платформасы арқылы өтті. Бұл байқауда Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы №6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ару Амангелдиева жеңімпаз атанды.
Үшінші аталым – Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауының қорытындысында Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Сымбат Орманованың зерттеу жұмысы қазылар шешімімен бірінші оырнға лайық деп танылды.
Төртінші – «Сахналық қойылым» аталымында оқушылар Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым дайындап, видео түрінде жолдады. Бұл байқауда сахна мәдениеті, сахнада өздерін ұстауы, сахналық киімдері, сөйлеу мәнерлері мен тақырыпты толық аша білулеріне мән берілді. Нәтижесінде Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары дайындаған қойылым үздік деп бағаланды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу