8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 1807 0
Қалалықтар қаперіне

АТЫРАУ-ОРАЛ ТАС ЖОЛЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

БҚО бойынша 2020 жылы 42,3 млрд. теңгеге 436 шақырым жол жөнделді. Биыл  облыста 41,5 млрд. теңге қаражатқа 378 шақырым жолды жөндеуді жоспарланған. Бұл мәліметті халықпен онлайн есептік кездесуінде  БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті. 

– Өткен жылы Қазталов ауданы мен Орал қаласын байланыстыратын жол толығымен жөнделіп пайдалануға берілді.  Осы жылы Жәнібек, Бөкейордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуді жалғастыруға республикадан 20 млрд. теңге қаражат бөлініп, 129 шақырым жол салынады.  Тұрғындар көтеріп жүрген мәселелердің бірі – Орал-Атырау тас жолын реконструкциядан өткізу. Біз үкіметпен кеңесіп, аталған жол жиегін кеңейту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастаймыз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 12,7 млрд. теңге қаражат жұмсалып, 192 шақырым жол жөнделді. 2021 жылы осы бағытта 220 шақырым жолды жөндеу жоспарда тұр.

Елді мекендердің жолдарын жөндеу бойынша да айтарлықтай жұмыс атқарылды. Былтыр 101 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді. Бұл кейінгі 5 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. 2020 жылы Орал қаласының 46,2 шақырымды құрайтын 41 көшеге асфальт төселді. «Нефтебаза» ауданындағы көпір қайта салынды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»