ОРАЛДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ
Бүгін, 16 ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуде қала әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша жоспарланған жобаларды таныстырды.

Қала әкімі мәлім еткендей, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсету, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру және қоғам өміріне тең жағдайда араласу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Оңалту орталығын» ашу жоспарлануда. Мұнда оңалтудың алғашқы сатыларын қолдану арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге тұрақты түрде әлеуметтік бейімдеу және психологиялық-педагогикалық қызметтерді көрсететін болады. Сондай-ақ «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылады.
– «Бір терезе» қағидасы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығын ашу көзделуде. Орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға фронт-офис режимінде әлеуметтік, заңгерлік, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету сияқты қызметтерді көрсетеді. Орталықтың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға мейлінше жағдай туғызу. Қала аумағында ашылған аула клубтары мен «комьюнити» орталықтары жанында «Белсенді ұзақ өмір» жобасы жүзеге асырылатын болады. Жоба зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, жүйелі мәдени-демалыс жұмысының инфрақұрылымын құру, бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу