ОРАЛДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДЫҚТАР 30-ДАН АСТАМ БАЛАҒА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР ҰСЫНДЫ
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланың 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Ербол Антай бөлімнің әйелдер кеңесінің мүшелерімен бірге келе жатқан Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, әскери қызметшілердің көп балалы отбасыларынан шыққан 30-дан астам балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Оларға азық-түлік жиынтықтары мен тәтті сыйлықтар берілді.

– Карантинге байланысты, біз барлық балаларды жинай алмадық, алайда әр отбасына барып құттықтаймыз. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз. Олар – ертеңгі мемлекеттік қызметкерлер, ғарышкерлер, әртістер, дәрігерлер, әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері. Біздің, ересектердің міндеті – бұл үшін барлық жағдайды жасау, – дейді подполковник Е.Антай.
Содан кейін Әскери Аяз Ата, ертегі кейіпкерінің немересі Ақшақармен бірге ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметшілердің отбасыларына барып, оларға сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде балалардан жаңа жылдық өлең айтуды немесе ән айтуды сұрады. Барған пәтерлердің көпшілігінде олар жаңа жылға дайын болды: қысқы қонақтарды шыршалар, гирляндалар және мерекелік көңіл-күй күтіп тұрды.
Жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерінің сапары балалардың Аяз Ата мен Ақшақармен жақынырақ танысуына себеп болды. Өз кезегінде Аяз Ата әр баланы ерекше ықыласпен және мұқият тыңдады.
-Жаңа жыл қарсаңында біздің әскери қызметшілердің балаларды құттықтауы жақсы дәстүрге айналды. Әсіресе, балалардың сыйлықтар алуы, ең бастысы, ата-аналары қызмет ететін бөлімнің басшылығы тарапынан қамқорлық пен назар аударғаны қуантады. Жаңа жыл – сиқырлы және тілектерді орындау мерекесі. Ол әрқашан ең жақсысына үміт артады. Келесі жылы бізді қуанышты және бақытты сәттер алып жүрсін. Денсаулық, амандық, бар жақсылықты тілеймін, – деді 5517 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің төрайымы сержант Злиха Оразаева.
подполковник Ерболат Сұлтанов
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу