ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ БАЛҒЫНДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Республика көлемінде 24-25 желтоқсан күндері «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға жаңа жылдық құттықтауды ұйымдастыру жоспарланған. Осы орайда бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап үйлеріне барды. Балғындарға мерекелік лебізін арнап, сыйлықтар таратты.

Биыл пандемияға байланысты мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылмайды. Дегенмен, қала әкімдігі балаларға жаңажылдық көңіл күй сыйлауды ұмыт қалдырмады. Аяз ата Ақшақар, ертегі кейіпкерлері мерекеге орай безендірілген көліктермен әр баланың үйіне барып, қала әкімдігінің құттықтауы мен мерекелік сыйлығын табыс етті. Қала басшысы Абат Шыныбековтың айтуынша, Орал қаласы бойынша 300-ге жуық отбасы балаларына сыйлықтар жеткізіледі.
– Жыл сайын аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың балаларына мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастыратын едік. Бірақ, санитарлық талаптарға сәйкес шаралар ұйымдастырылмайды. Қала әкімдігі балаларға көңілді сәттерді сыйлау үшін үйлеріне баруды ұйымдастырды. Келе жатқан жаңа жыл оралдықтарға жақсылық, жетістіктер алып келсін деп тілеймін, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.
Қала басшысы алдымен А.Байтұрсынұлы атындағы №10 орта мектептің оқушысы Бибарыс Құрманғалидың үйіне барды. Бибарыс биыл ҚР Президентінің шыршасына қатысуға ұсынылған облысымыздағы дарынды 200 баланың бірі. Мерекелік шырша ұйымдастырылмағанымен, қала басшысы Бибарысқа Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық құттықтау ашық хатын, Bilimbook mini планшеті мен алты айға тегін қолданатын симкарта, роутер және тәттілерді табыстады. Сонымен қатар сыйлықтардың ішінде «Қазақ ертегілері», «Мәңгілік тұлға – ұлы Абай» туралы жинақ кітаптары бар.
Ел Президентінің құттықтауын табыстау үшін арнайы үйіне келген қала әкіміне алғысын айтқан Бибарыс жаңажылмен құттықтап, ел тұрғындарының ауырмауын тіледі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан 200 оқу озаттары мен дарынды бала Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылатын жаңажылдық шыршаға қатысуға ұсынылған. Олардың 143-і ауылдық жерлерден, 30-ы облыстық мектептер және 27 бала Орал қаласы мектептерінің оқушылары. Әрқайсысына Бибарыс алғандай жалпы 106 мың теңге көлемінде сыйлық беріледі.
Сондай-ақ қала әкімі мүмкіндігі шектеулі Сұлтан мен Орынбасар Өмірбекұлдарын, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысы Ерасыл Аманжолды, №1 орта мектептің оқушысы Сарнияз Кузбаевты құттықтай барды. Балаларға қала әкімдігі атынан сыйлықтар берілді. Ертегі кейіпкерлері кейпінде келген Жастар мәдениет үйі мен Мектептен тыс жұмыстар орталығының қызметкерлері балаларға әдемі көңіл күй сыйлады. Балалар өлеңдер оқып, Аяз атадан тәтті алса, ата-аналары алғыстарын жаудырды.





Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу