БҚО ВОЛОНТЕРЛАРЫ 20-МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Бүгін, 22 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш 2020 жылы өңірде жастар саясаты саласында жасалған жұмыстар, соның ішінде «Волонтер жылының» қорытындысы туралы мәлім етті.

– Облыста 60-қа жуық ұйымға біріктірілген 10 мыңнан астам волонтер бар. Биыл волонтерлар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру мақсатында 15 бағыттан («Медицина», «Экология», «Әлеуметтік», «Медиа», «Оқиғалы», «Жануарлармен», «ТЖ волонтерлік», «Мәдени», «Донорлық», «Спорттық», «PRO BONO және зияткерлік волонтерлік», «Корпоротивтік», «Виртуальді» және «Этно волонтерлік») тұратын volunteer07.kz ақпараттық сайтты жұмысқа қосылды. Волонтерлардың күшімен облыс бойынша барлығы 19 412 отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да түрде адрестік көмек көрсетілді, – деді Нұрхат Ораш.
Волонтерлер 12694 отбасыға (6952 қала бойынша, 5742 аудандарда) тегін азық-түлік апарып берсе, 3693 отбасыға тұрғындардың өз қаражаттары есебінен азық-түлік жеткізген. 478 отбасыға дәрі-дәрмек жеткізуге, 1047 отбасыға үй жұмыстарына, 168 отбасыға төтенше жағдай кезінде 42500 әлеуметтік жәрдемақыға өтінім беруге, 1332 отбасыға 16,62м3 (16 620 литр) демеушілердің көмегімен ауыз су жеткізуге көмек көрсетті.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, волонтерлар барлығы 1206 рейд жасады. Волонтерлардың күшімен 350 мың масканы тегін таратты. Оның ішінде 80 мың масканы қолдан тіксе, 270 мың маска демеушілерден берілген.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі волонтерлік жобалар биылғы жылмен аяқталмай келер жылы да жалғасын табатынын атап өтті.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу