21 Желтоқсан 2020 1891 0
ҚоғамБАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОС САҚШЫ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Орал қалалық Полиция басқармасы ППБ кезекші бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Ерлан Қожасов пен ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Парасат Жолбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қос сақшыға медальді салтанатты түрде тапсырды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, есімі аталған сақшылар 2020 жылғы 12 наурызда өзіне қол жұмсамақ болып көпірден суға секіріп кеткен қыз баланы құтқарған еді. Нақтырақ айтсақ, кешкі сағат 20.30 шамасында қала аумағындағы бір аймаққа бекітілген Парасат Жолбаев қызметіне келе жатқан беті екен. Кенет төс қалтасындағы рацияға Деркөл көпірінен бір қыз баланың секіріп кеткені туралы суыт хабар түседі. Сол мезетте полиция қызметкері алған бетінен дереу кері бұрылып, Деркөл ауылына бет алған. Көпірге жеткен бойда Шаған өзені бетінде қалқып жүрген әйел адамның денесін байқайды. Дереу төменге түсіп, жағаға жеткенде әріптесі Ерлан Қожасовты көреді. Екеулеп жағаның әрірек тұсынан ескілеу қайық тауып әкеледі. Қайыққа отырып, қозғалыссыз жатқан денеге қарай жақындайды.
-Бойжеткеннің денесі мүлдем қозғалыссыз жатты. Дереу жанталасып басын көтердік. Тұншығып жатқанын байқадым. Алғашқы медициналық жәрдем көрсеттік. Ол ішіне көп көлемде салқын су жұтып қойған. Тынысы тарылып, көгеріп барады. Денесі мұздай. Әріптесім серік болып, дем беріп, кеуде тұсына жанталасып массаж жасадық, – деді полиция аға лейтенанты Парасат Жолбаев. Осылайша полиция қызметкерлері тағы бір жанға араша болып, көзсіз ерліктің үлгісін көрсеткен болатын.
Еңбектері еленіп, қазақтың ержүрек ұлдарының, білекті, қайсар сақшылардың өңірі тағы бір мемлекеттік наградамен толықты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экономика
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
30 Сәуір 2026
60 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
30 Сәуір 2026
59 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
30 Сәуір 2026
87 0
Әлем жаңалықтары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
30 Сәуір 2026
65 0
Экономика
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
29 Сәуір 2026
99 0
Жасанды интеллект
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
29 Сәуір 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
29 Сәуір 2026
134 0
Өзек
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
28 Сәуір 2026
129 0
Заң және тәртіп
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
28 Сәуір 2026
137 0
Қоғам
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
28 Сәуір 2026
179 0
Өзек
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
27 Сәуір 2026
165 0
Жасанды интеллект
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
24 Сәуір 2026
257 0
Ауыл - ел тірегі
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
24 Сәуір 2026
277 0
Мәдениет
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
24 Сәуір 2026
248 0
Toqaev2026
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
23 Сәуір 2026
257 0

Кіру
Пікір үстеу