САЯЖАЙДАҒЫ ҰРЛЫҚ
Орал қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 2020 жылғы 14 желтоқсанда бірнеше рет ұрлықты кәсіп қылған күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспсөз қызметі хабарлады.

1998 жылғы К. есімді, еш жерде жұмыс жасамайтын тұлға түннің қою қараңғылығын пайдаланып, «Рассвет» саяжай қоғамындағы саяжай үйлері есіктерінің құлыптарын бұзып ашқан. Үй ішінде жинаулы тұрған су айдайтын насостарды, бетон ыдыстарды, газ баллон, 50 метрлік кабель, бау-бақшаға қажетті құрал-саймандардың бірін қалдырмай өз үйіне тасыған. Бір түнде екі саяжай үйіне кіріп, үй иелеріне тиесілі заттардың түгін қалдырмастан үптеп кеткен.
Жаз бойы бау-бақшасына керек құрал-саймандарынан, бірнеше электрлі моторларынан айырылған 1975 жылғы қала тұрғыны қалалық басқармаға келіп, ұрлық орын алғаны туралы арыз жазды. Саяжай иесіне 300 мың теңге көлемінде материалдық залал келді.
Полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті кезекті ұрлыққа кірісу барысында полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Басқармаға жеткізілген күдікті ұрлық жасап, заттарды сатып ақша жасамақ ойы болғанын жасырмай айтты.
Бүгінгі күні Орал қаласы Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай 2 эпизодты қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс тергеу бөлімінің өндірісінде. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу