8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2020 2067 0
Қоғам

«ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ» БЕЙНЕБАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында «Парасатты қоғам» атты бейне байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі міндеті – ҚР-да жүзеге асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты танымал ету, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу проблемасына назар аудару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру. Байқауға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқау қорытындысында  І орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті алды, ІІ орын Республикалық жоғары техникалық колледжіне (авторы: Баймурзина Әлия Мейрамқызы) берілді. ІІІ орынды Қаратөбе колледжі (авторы: Жамбылқызы Білжан) иеленді.

Сондай-ақ байқауға қатысқан Орал ақпараттық технологиялар колледжі (авторы: Иманбаева Гүлзия), Теректі колледжі (авторы: Э.Бисенғалиева), Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Орал «Сервис» технологиялық колледжі (авторы: Балмаш Серік), Бөкей ордасы колледжі (авторы: Танатов Ф.), Құрманғазы атындағы саз колледжі (авторы: Ерболат Әлішер), Бәйтерек колледжі алғыс хаттармен марапатталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»