198 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
ҚР Тұңғыш Президент күніне орай бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Зашағанда кентінде 9 қабатты, 198 пәтерлік жаңа тұрғын үй қожайындарына берілді. Жалпы көлемі 5673,87 шаршы метрді құрайтын зәулім үйдің құрылыс жұмыстарын «Болашақ-Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бірлік көшесі 13-үй тұрғындарының қуанышын бірге бөліскен облыс әкімі Ғали Есқалиев пәтер иелеріне кілттерін табыс етті.
– Қымбатты жерлестер! Баршаңызды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мерекеге орай сіздерге керемет қуаныш сыйлағалы тұрмыз. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тікелей Елбасының бастамасы. Осы бастаманы орындау барысында Қазақстанның барлық қаласында ай сайын әлеуметтік үйлер тапсырылуда. Мұдағы 198 пәтердің 99-ы көпбалалы отбасыларға тиесілі. Көптен баспана кезегінде тұрғандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да, жетім балалар да назардан тыс қалмады. Мәселен, жалға берілген екі бөлмелі үйдің құны ай сайын небары 10 мың теңгені құрайды. Биыл мемлекет тарапынан тұрғын үй құрылысына 17 млрд.-тан аса қаражат бөлінді. 17 тұрғын үй құрылысы басталды. Ауылдарда 474 пәтер салынуда. Әрине, бәрін бірден жасауға мүмкіндік жоқ. Бірақ, біртіндеп тұрғын үйлерді табыстаймыз. Алдағы жыл басында халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Ақжайық» шағынауданының құрылысын бастаймыз. Сіздер үшін біз де қуаныштымыз. Баспаналарыңыз құтты болып, үлкен қарашаңыраққа айналсын, – деп шынайы лебізін жеткізген өңір басшысы Ғ.Нәжімеденұлы тұрғындарды мемлекеттің мүлкі деп баспаналарына салғырт қарамауға шақырды.
Жаңа пәтер иелері атынан сөз алған көпбалалы ана Қарлығаш Закарина Елбасына, облыс, қала басшыларына алғысын жеткізді. – Қаламыз күн санап көркейіп, жаңарып келеді. Зәулім үйлер қатары көбейді. Бүгін көптен күткен баспанамның кілтін қолыма ұстап, қуанып тұрмын. Алдағы уақытта да көпбалалы аналардың алғысына бөлене беріңдер. Үйіміздің іргетасы мықты болсын, – деп ақ тілегін ақтарды көпбалалы ана.


Жылы баспананы 19 жыл күткен мүмкіндігі шектеулі Жанерке Төлегеннің де бүгін бір арманы орындалды. – Қазір жасым – 27-де. Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа үйімнің кілтіне қолым жетті. Пәтерім екі бөлмелі. Осындай қолжетімді баспана алып жатқаныма сене алмай тұрмын. Жайлы да, жарық екі бөлмелі пәтерде мін жоқ. Бастысы –енді өз шаңырағым бар, – дейді Жанерке қуанышын жасыра алмай.
Айта кету керек, су жаңа үйде тұрғындар үшін барлық жағдай қарастырылған. Лифт, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус бар. Баспана азаматтардың қалауы мен қаржылық жағдайына қарай бір, екі және үш бөлмеден тұрады. Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасының осындай қолайлы ережесін оралдықтар кеңінен пайдаланып келеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу