ПОЛИЦЕЙЛЕР «ХАНКӨЛДЕГІ ЕЛЕС ҚЫЗҒА» ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІН ЖАРИЯЛАДЫ (видео)
Кейінгі уақытта әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы Қаратөбеауданының Ханкөл ауылы аумағында «сары шашты әйелдің елесі» ауыл тұрғындарын қорқытып жүргені туралы жазба тараған болатын. АУдиожазбалармен қоса видеолар да тарады. Полицейлер деректердің шынайылығын тексеру мақсатында тексеру жүргізіп, қорытындысын мәлім етті.

БҚО әкімі және БҚП ПД бастығының тапсырмасына орай Қаратөбе аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бейнежазбаның шынайылығын анықтау мақсатында тексеру жүргізді. Ауылға апаратын барлық жолдардың бейнежазбасы бар.
Ауылдың аумағында құмды жол бар екенін, «елес» түсірілген бейнедегідей асфалтьта, ағаштар да жоқ екенін атап өту керек.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, сұхбат жүргізді. Видеода көрсетілген фактіні ешкім растаған жоқ. Барлығы бірауыздан бұған ұқсас ештеңе көрмегенін және оларды ешкім мазаламағанын мәлімдеді.
Қаратөбе аудандық Полиция бөлімінің міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиевтың айтуынша, Ханкөл ауылынан Самара-Шымкент жолына дейінгі 14 шақырымдық жол тексерілген. Жолдың жиегінде ауылдың маңында ешқандай тығыз орналасқан орман алқаптары, тал-теректер жоқ екені – бұл видеоның шынайы емес екенін, Қаратөбе ауданына ешқандай қатысы жоқ екенін тағы дәлелдейді.
Осылайша, факт расталмады. «БҚО-дан шыққан елес» түсірілген бейнероликтің Қазақстанға еш қатысы жоқ деген ақпарат та бар. Бұл видео 2019 жылы ресейлік Интернет кеңістігінде бірнеше рет пайда болған және әр автор жаңа сипаттамада жаңа аймақты көрсеткен.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу