ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары негізінде бүкіл әлем жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алады. Осы орайда «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы Шелл, Еni, EASST компаниялары және облыс әкімдігінің қолдауымен ЖКО-нан қаза тапқандарды еске алу акциясын ұйымдастырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Еске алу күні британдық «RoadPeace» қайырымдылық ұйымының бастамасымен 1993 жылы алғаш рет өткізілген. Одан кейін 2005 жылы 26 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жол-көлік құрбандарының бүкіләлемдік күнін белгілейтін қарар қабылдады. Жол-көлік құрбандарын еске алу күні жол-көлік оқиғаларының қаупіне және жолдарда абай болу қажеттілігіне назар аудару мақсатында бекітілген. Бұл күні жол оқиғаларынан қаза болғандарды еске алумен қатар жол-көлік оқиғаларының салдарымен бетпе-бет келген құтқару қызметтеріне, медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлеріне алғыс айтылады.
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған дерекке сүйенсек, жыл сайын 1,35 млн. адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Көбіне 5-29 жастағылар осындай апаттардың құрбаны болады екен. «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы халықаралық бастаманы қолдай отырып, жол қозғалысының қатысушыларын жолдағы қауіпсіздікті сақтау және абай болуға шақырады. ЖКО-нан қаза болғандарды еске алып, аман қалғандарға көмектесіп, жолдарда адамдардың өмірін сақтаудың шараларына үлес қосса деген ниеттеміз. Жүргізушілер көлікті басқару кезінде қатаң түрде жылдамдық режимін, арақашықтықты, маневр ережесін сақтауы керек. Жаяу жүргіншілер де жүргізушілерге құрметпен қарауы тиіс. Алдымызда қыс келе жатыр. Бұл маусымда қараңғы түсе бастағанда жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көлікті байқамай қалуы мүмкін, салдарынан біз ойламаған оқыс жағдайлар орын алып жатады. Сол себепті жүргізушілерден жаяу жүргіншілер өтпесіне жақындағанда жылдамдықты азайтуларын, айналаға мұқият зер салуларын сұраймыз, – дейді жобаны жүзеге асырушы «Гаухар жолы» қоғамдық бірлестігінің ассистенті Эленора Бекқазиева.
Акция кезінде тәртіп сақшылары мен жобаны жүзеге асырушы ұйым өкілдері жүргізуші және жаяу жүргіншілермен сұхбат жасап, жолдағы қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершіліктері туралы сауалнама жүргізді. Оларға жадынамалар, арнайы дайындалған қарындаштар мен жарыққа шағыласатын салпыншақтар берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу