«NUR OTAN: БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МӘЖІЛІС САЙЛАУЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТАҢДАДЫ
Қарашаның 17-сі күні «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына үміткерлер анықталды.

Конференция жұмысына қатысқан облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев атап өткендей, Елбасының бастамасымен тәуелсіз ел тарихында биыл алғаш рет жалпыұлттық деңгейде өткен праймеризге батысқазақстандықтар да белсенді қатысты. Осы орайда әсіресе, жастар мен нәзік жандардың белсенділігі ерекше болған. БҚО бойынша праймеризде 460 кандидат тіркеліп, соның 421-і додаға қатысты. Соның ішінде 155-і немесе 36,8 пайызы – әйелдер, 144-і немесе 34,2 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болды. Төрт күнге созылған дауыс беруде өңірде 22903 партия мүшесі немесе 85 пайызы өз таңдауын жасады. Осы аралықта облыс тұрғындарынан 1205 ұсыныс түсіп, соның 77 пайызы партияның облыс, қала және аудандық филиалдарының сайлауалды бағдарламасына енгізілді.
Батыс Қазақстан облысы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасында өңірдің дамуының жеті басым бағыты айқындалған болатын. Конференция барысында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы осы бағыттарға жеке-жеке тоқталды.
– Алдағы уақытта өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауда, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Ол үшін 177 инвестициялық, агроөнеркәсіптік кешенде 34 жобаны іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру көзделуде, – деді облыстық филиал төрағасы Ғ.Есқалиев.
Өңір басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен жылына 270-тен астам жобаны қамту көзделген, бес мыңнан астам шағын несие беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға да көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қаблетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Ол үшін 177 инвестициялық, агроөнеркәсіптік кешенде 34 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру көзделуде. Сондай-ақ конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттарға дауыс беру үшін дебат өткізілді. Дебат аяқталысымен делегаттар дауыс беру кабиналарына барып, Мәжіліске партиялық тізімге қатысушы кандидаттарға дауыс берді. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев конференцияның барлық делегаттары дауыс беруге қатысқанын мәлімдеп, ақпараттық жүйе арқылы дауыс берудің қорытындысымен таныстырды.
Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылды. Конференция депутаттарының дауыс беруі қорытындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.
Сондай-ақ конференция барысында «Nur Otan» партиясынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. Партиялық тізімге енгізілген 47 адамнан тұратын тізімді конференция делегаттары бірауыздан қолдады. Бұдан кейін 25 қарашада өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезіне өңірден қатысатын 20 делегаттың тізімі анықталды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партияның үгіт жұмыстарын ұйымдастыру бойынша облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды штаб құрамы жасақталды. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының төрағасы Ғали Есқалиевтің ұйғарымымен облыстық сайлауалды штабының басшысы ретінде филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев бекітілді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу