ТАҢҚУРАЙ ӨСІРЕМІЗ ДЕП, ЕСІРТКІ ДАЙЫНДАҒАН
Шілде айында Батыс Қазақстан облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп «техниканың соңғы үлгісі» бойынша жабдықталған есірткі зертханасын анықтаған болатын. Есірткі өндірушілер Теректі ауданында гараж және ауладағы үйді сатып алып, оны жасырын есірткі зертханасы етіп жабдықтаған.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтың айтуынша, 1965 және 1967 жылы туған Украиинаның екі азаматы сату мақсатында облыс аумағында синтетикалық есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын жасаумен заңсыз айналысқан. Күдікке іліккен шетелдіктер жазда өңірге таңқурай шарушылығын қолға алу мақсатында келген.
Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен БҚО бойынша ҰҚК департаментінің мамандары бірлесіп, БҚО Теректі ауданының аумағында орналасқан есірткі зертханасының көзін жойды. Олар гараждың ішінде есірткі зертханасын жабдықтаған. Айта кеткен жөн мұндай трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ фактісі біздің облысымызда бірінші рет тіркеліп отыр. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында олардың зертханасынан 30 кг астам синтетикалық есірткі заттарын 31 кг дайындау үшін реагент тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 264-бабының 1-бөлігі және 301-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізілуде.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу