ӘЙЕЛІН КЕПІЛГЕ АЛҒАН АЗАМАТ 13 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ерлан Исламғалиевке үкім шықты. Ол енді өмірінің 13 жылын темір тордың арғы жағында өтейтін болды. Жәбірленушінің талап арызы толықтай қанағаттандырылмаған. Оған 10 млн теңге моральдық, 541 530 теңге материалдық залал өндірілген.

Ерлан Исламғалиев өткен жылдың 28 қарашасында әйелі Ираида Исламғалиеваны кепілдікке алу үшін аңшы пышағын, сосын дүкеннен Ф-1 оқу гранатасын алған. Сосын Жәңгір хан көшесі, 13 мекенжайында орналасқан әйелінің нотариалдық кеңсесіне келіп, оны кепілдікке алған. БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллиннаның айтуынша, Ислямгалиеваны ұстап қалу кезінде айыпталушы құқық қорғау органдарынан шампан, шоколад, ұшақ, инкассатор машинасы мен 100 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны талап еткен. Ирайда Есламғалиеваны босату жөнінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізген келіссөз бес сағаттай уақытқа созылған.
– Осы мерзімде Ерлан Исламғалиев өзіне шампан сусынын, шоколад, тапанша, ұшақ, инкассаторлық машина және 100 мың АҚШ долларын жеткізуді талап етті. Оның талаптарын орындау үшін шампан, шоколад және залалсыздандырылған тапанша берілді. Содан кейін кеңсеге ешкімнің кіре алмайтынына көзі жеткен Е.Исламғалиев күш қолданып әрі өлтіремін деп қорқытып, әйелінің еркінен тыс онымен екі рет жыныстық қатынас жасаған. Келіссөз нәтижесінде Есламғалиева босатылды. Сот үкімімен Е.Исламғалиев ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі, 2-тармағы, 1), 2), 4)-тармақшасы, 194-бабы 4-бөлігі 2)-тармақшасы, 261-бабы 2-бөлігі 4)-тармақшасы, 120-бабы 2-бөлігі 2)-тармақшасына сәйкес айыпты деп танылды. Сотталушының жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді,– деді БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллинна.
Сонымен қатар Е.Исламғалиев 2017 жылы 1 қыркүйекте кезекті тұрмыстық кикілжің барысында қызғаныш салдарынан әйелінің кішкентай ұлын бөлмеге қамап, күш қолданған. Үш-төрт сағат бойы баланы қорлаған. Әйелінің екі қолын жылу батареясына белбеуімен байлап аузына скотч жапсырған. Келесі күні әжетханаға барғысы келген әйелінің шашынан сүйреп, тыныс органдарын көпшікпен басып, оған пәтерін беруін талап еткен. Бас тартқан жағдайда күш қолданатынын айтқан. Келісім алмағаннан кейін 2 сағат бойы жәбірленушінің көзіне ұялы телефон шамын түсіріп, қинаған. 1-4 қыркүйек аралығында Е.Исламғалиев әйелі мен оның кішкентай ұлын пәтерден шығармай, И.Исламғалиеваның өзіне тұрмысқа шыққанға дейін алған мүлкін иемдену мақсатында күш қолданып, қорлаған. Ақыры 4 қыркүйек күні өзі мен ұлының өміріне қауіп төнгендіктен, Ираида нотариус кеңсесіне күйеуіне еріп келіп, оның атына құны 14 840 855 теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерін рәсімдеген. Содан кейін 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін, сондай-ақ 2019 жылдың ақпанында әйелінің полицияға шағымдануынан қауіптенген Е.Исламғалиев оны үнемі ұрып-соққан. Ираида Ислямгалиеваның айтуынша, бүкіл сот процесі оның барлық қатысушылары үшін өте қиын болған.
Сот үкімі оқылған соң да айыпты өзін дөрекі ұстауды жалғастыра берді. Осылайша бір жылға созылған іске нүкте қойылды.
Еске сала кетейік, өткен 2019 жылдың 28-ші қарашасында Ерлан Исламғалиев есімді азамат әйелін кепілдікке алғанын жазған едік. Полицейлердің жүргізген келіссөзнің нәтижесінде әйел адам бес сағаттан соң босатылды. Ерлан Ислямғалиевтің ісі бойынша 18 тамызда алғашқы сот тыңдалымы жабық режимде өтті.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу